Ел ырысы мол болсын!

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша биыл өңір диқандары 4 миллион 427,7 мың гектар егіс алқабының астығын жинап алуды жоспарлаған еді. Бүгінгі күнге дейін 4 миллион 246,5 мың гектар жердің егіні орылып, қамбаға 4 671,1 мың тонна астық, оның ішінде 529,7 мың тонна тұқым құйылды. Орташа гектар берекесі 11 центнерден айналды.

Зеренді ауданының «ҚосЕлАгро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің диқандары егін орағын ойдағыдай өткізіп жатыр. Астық бітік шықты. 7500 гектар бидай алқабының әр гектарының түсімі 10 центнерден айналуда. Егін орағы жұмыстарында өткізуде комбайншы Ерлан Сақтағанов озаттар қатарында келеді.
Суретте: озат комбайншы Ерлан Сақтағанов.
Суретті түсірген Советбек Мағзұмов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар