Мәдениет саласында мемлекеттік қызмет беру туралы

“Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру” мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және “Мемориалдық тақталарды орнатуға рұқсат беру” мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.

Мемлекеттік қызмет облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары тарапынан (бұдан әрі –  қызмет беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі –  қызмет алушы) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны электронды түрде (толық автоматтандырылған),  30 (отыз) жұмыс күні ішінде  тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық цифрлық қолтаңбамен қоса тіркелген қосымшаны жібереді:

Көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну үшін қажетті қосымша  құжаттар:

  1. Аса көрнекті тұлғаның сіңірген еңбегін және/немесе айрықша оқиғаның маңыздылығын, сондай-ақ аса көрнекті тұлғаның тұруын, жұмысын, болуын және мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимаратта немесе құрылыста болған айрықша оқиғаны растайтын архивтік және өзге құжаттардың көшірмелері.
  2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № 77 бұйрығымен бекітілген Мемориалдық тақталар орнату қағидаларының 56және 7-тармақтарындакөрсетілген мәліметтер мен талаптарды қамтитын мемориалдық тақтаның эскизі.
  3. Қасбеттерінде мемориалдық тақта орнату болжанатын ғимараттың немесе құрылыстың меншік иесінің (иелерінің) немесе өзге де заңды иесінің жазбаша келісімі.
  4. Қасбетінде мемориалдық тақтаны орнату қаралған ғимарат немесе құрылыстың республикалық және халықаралық маңыздағы тарих және мәдениет ескерткіші болып табылған жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның келісуі.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері:

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің  (мәліметтердің) анық еместігін анықта;

2) комиссияның теріс шешімі.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу  режимінде бірыңғай байланыс орталығы: “1414”, 8-800-080-7777 арқылы алуға мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына, мәдениет саласындағы уәкілетті органға немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын  бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар