Кәсіпкерлердің жұмысымен танысты

 

Облыстық мəслихаттың үдемелі индустриялық-инновациялық даму жəне аграрлық мəселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының жұмыс тобы Есіл ауданы орталығындағы бірқатар шағын кəсіпкерлік нысандарын аралап көріп, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысына назар аударды.

 

Тұрақты комиссия төрағасы, облыстық мəслихаттың депутаты Нартай Ысқақов пен облыстық мəслихат аппараты басшысының орынбасары Дулат Жұрымбаев бастаған жұмыс тобы алдымен кəсіпкерлерге есеп-қисап мəселелерін реттеу, заңгерлік кеңес берумен айналысатын «ИнфоТехСервис-Есіл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Серіктестік басшысы Александр Челбогашев «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 4,5 миллион теңге көлемінде несие алып, кəсіп көзін ашып, үш адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осы орайда, жұмыс тобының мүшелері салық есептерін тапсыру кезінде шаруа қожалықтары үшін аталған кəсіптің тиімділігін ерекше атап өтті.
Ал,  жеке кəсіпкер Мұхиден Əлімов бағдарлама аясында 15 миллион теңге несие алып, қалған ақшаны өз қалтасынан қосып, аудан орталығында заманауи талаптарға сай келетін «Тұмар» атты қонақ үй кешенін ашқан. Қонақ үй иесі меймандарға ғимараттың ішін толық аралатып көрсетті. Мұнда алыс-жақын шет елдерден, еліміздің басқа қалаларынан жұмыс бабымен және демалуға келушілер де бар көрінеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек-қолдауға есілдік кəсіпкерлер алғыстарын білдірді. Əрқайсысы еліміздің игілігі жолында еңбек етуге əзір. Тек, алдағы уақытта мемлекеттік бағдарламалар арқылы несиені рəсімдеу мерзімі бір ай көлемінен аспаса екен деген тілектерін айтты. Облыстық мәслихат депутаттары бұл өтініш-тілектерді назарда ұстауға, кәсіпкерлікті дамытуға қолдан келгенше көмектесуге даяр екендіктерін жеткізді.
Осындағы «Варварюк» жеке кәсіпкерлігінің басшысы Илья Васильевич те мемлекеттік бағдарламаға қатысу үшін ұзақ уақыт күткен. Халық қалаулылары  кәсіпкердің шаруашылығымен де жете  танысып, өтініштеріне құлақ түрді. Бұл мәселелердің барлығы облыстық мəслихаттың үдемелі индустриялық-инновациялық даму жəне аграрлық мəселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысында қаралмақшы.

 

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар