Еңбек нарығы

Биылғы жылдың үшінші тоқсанында халықтың жұмыспен қамтылуын іріктеп, зерттеу деректері бойынша Ақмола облысында экономикалық тұрғыдан  белсенді халықтың саны 428,5 мың адамды құрады және 2014 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда  3,5 пайызға азайды. Ерлердің экономикалық белсенді деңгейі 81 пайыз, әйелдердікі 71,1 пайыз.
Өңірдегі экономикалық белсенді халықтың жалпы санынан алғанда, экономика саласында 407,2 мың адам жұмыспен қамтылған, 2014 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда олардың саны 3,5 пайызға азайды. Жұмыспен қамтылған  ерлер саны 205,7 мың адамды немесе  50,5 пайызды, әйелдер – 201,5 мың адамды (49,5 пайызды) құрады.
Жұмыспен қамтылған халықтың 59,4 пайызын кәсіпорындар мен ұйымдарда жалданып жұмыс істеушілер құрайды, ал
40,6 пайызы өздігімен жұмыспен қамтылғандар санатына жатады. 2015 жылдың  үшінші тоқсанында жұмыспен қамтылғандардан 71,2 мың адам (17,5 пайыз)   өнеркәсіп пен құрылыста, 155,8 мың адам (38,3 пайыз) – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында, 180,2 мың адам немесе (44,3 пайыз)  қызмет саласында жұмыс атқарды. Жұмыссыздар саны 2015 жылдың III тоқсанында 21,3 мың адамды құрады, бұл өткен жылдың сәйкес тоқсанына қарағанда 0,8 мың адамға кем. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз болды.

Айгүл ЫСҚАҚОВА,
облыстық статистика департаменті
статистика басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар