Байрақты бәсеке

Жерлесіміз Павел Марда Ташкент қаласында өткен  Азия және Океания чемпионатында топ жарды.

Байрақты бәсекеде 74 келіге дейінгі салмақ бойынша сынға түскен жерлесіміз 682,5 келі салмақ көтеріп,  пауэрлифтинг бойынша Азия және Океания чемпионатында  бірінші орын иеленді, ал жеке жаттығуларда үш медаль – екі күміс, бір алтын алды. Спортшыны Азия мен әлем чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпазы Кирилл Павленко жаттықтыруда.
Ал, әкесі Юрий Колесников баптайтын Анастасия Колесникова 47 келіге дейін салмақ санатында зілтемірді  классикалық жатып сығымдау бойынша Қазақстан құрамасының пайдасына күміс жүлде қосты.
Чемпионатқа Жапония, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түркіменстан, Ауғанстан, Сингапур, Индонезия сияқты Азия құрлығы мемлекеттерінен 500 спортшы қатысып, бақ сынады.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар