Ең төменгі күнкөріс деңгейі өсті

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш  пен төменгі күнкөріс ставкасы өсті. Ең төменгі күнкөріс мөлшері 22 859 теңге, айлық есептік көрсеткіш 2 121 теңгені құрады.

Бұл сандар Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен «2016-2018 жылдарғы республикалық бюджет жөніндегі» Заңында жазылған.
Құжатта «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жәрдемақы мен өзге де әлеуметтік төлемді есептеу үшін айлық есептік көрсеткіш, сондай-ақ айыппұл санкциясын қолдану, салық және өзге де төлемдер бекітілсін», –делінген.
«2016-2018 жылдарғы республикалық бюджет жөніндегі» Қазақстан Республикасының Заңында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс мөлшері 22 859 теңгені құрады деп белгілеген.
Құжатта «2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап базалық әлеуметтік төлем мөлшерлерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 22 859 теңге деп бекітілсін» делінген.
Естеріңізге салсақ, 2015 жылы ең төменгі күнкөріс мөлшері 21 364 теңгені, айлық есептік көрсеткіш 1982 теңгені құраған болатын.
Ақмола облыстық
статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар