Бала қуанышы

«Ақмола облысының орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі облыстық орыс драма театрымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған Жаңа жыл кешін ұйымдастырды.

Мерекелік шараға аудандардан аз қамтылған отбасылардың, этномәдени бірлестік мүшелерінің  балалары да қатысып, В.Илюховтың «Выкрутасы Бабы Ягы» шығармасының желісі бо-йынша дайындалған ертегіні тамашалады. Қойылымның жоғары дәрежеде  әзірленгені сонша, балалар ертегі кейіпкерлерімен ойын ойнап, би билеп, көңілдері шаттыққа бөленді. Олардың бал-бұл жанған жүздерін көрген ата-аналары да бір жасап қалды десек, артық айтқандық емес.     
Сонымен қатар, Жаңа жылдық ертеңгілікте балалар үйлерінен жаттап келген тақпақ, өлеңдерін айтып, шыршаны айнала көңіл көтерді. Барлығына  Аяз ата мен Ақшақар бейнесіндегі театр әртістері сыйлықтар мен тәттілер таратты. Жаңа жылдық мереке қарсаңында өткізілген осынау тамаша кеш кішкентай ұл-қыздардың жадында мәңгі сақталып, келер жылға үміттерін молайтқаны сөзсіз.   
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар