Өнер жастан…

 

Тәуелсіз еліміздің болашағы білікті ұрпақтың қолында. Елбасымыз білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін барлық жағдайды жасауда. Бүгінгі күні арманы асқақ жеткіншектер баршылық.

Солардың бірі – №5 «Таңдау» көпсалалы гимназиясының 5-ші сынып оқушысы Әдиет Рахметулин. Әдиет мектеп табалдырығын аттағаннан бері өнертапқыштықпен айналысады. Бірінші сыныпта ғылымға қызығушылықтың алғашқы қадамын басып, «Қыран жерде де, аспанда да жыртқыш» тақырыбында зерттеу жұмыстарын жүргізді.
  Ғылыми-зерттеу жобаларының қалалық конкурсында бірінші орын алды.  Әдиет «Желдің бітпейтін энергиясы» жобасымен жұмыс істеді. Өзінің жұмысын «ЭКСПО-2017» көрмесімен байланыс-тырды. Өйткені, біздің елімізге энергия үнемдеудің, күннің, теңіздің, мұхиттың және өзге де судың, қосалқы энергия көздерінің әлемдік үздік технологиясын тарту көзделген. Халықаралық көрме индустрияландырудың рәмізі болып табылады. Мұнда жаңа идеялар мен қызықты жобалар пайда болып, Қазақстанның әлемдік экономикаға араласуына ықпал етеді. Еліміз қосалқы ресурстарға бай мемлекеттердің бірі. Дегенмен, мұнай, газ, көмір таусылатын табиғи байлық болып саналады. Оларды пайдалану кезінде адамзат пен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін.  Қосалқы энергия көздерін дамыту маңызды экологиялық міндет.
Өткен жылдың соңында «Шағын
ЭКСПО 2014-2015» конкурсына қатысып, дипломмен марапатталды. Біздің планета үшін Күн қуатты әрі таусылмайтын энергия көзі болып табылады. Бүгінгі таңда күн энергиясынан электр тогын алу тиімді салаға айналып отыр. Осы орайда, Әдиет «Күннің энергиясы» жобасымен жұмыс істеуде. Оның мақсаты – күн батареясының жұмысын, артықшылығын және қолданылуын көрсету. Астанада күн батареясын пайдалану тиімді. Көптеген ресурстар келешекте азаюы әбден мүмкін. Ал, күн энергиясы –  мәңгілік! Ол тегін. Тиімділігі таяу арада белгілі болады.
Әдиет домбыра тартуды, ушу спортымен айналысуды жақсы көреді. Облыстық
жарыста екінші орынды, Астана қаласында өткен республикалық турнирде үшінші орыннан көрінді. Көкшетау қаласындағы Жеңіс күніне арналған жарыста бірінші орынды иеленді. Өзінің таланты мен арманын жүзеге асыруға мүмкіндік жасаған Елбасына айтар алғысы мол. Жас өнертапқыш 2017 жылы Астана қаласында өтетін
«ЭКСПО-2017» көрмесінің куәсі болатынына нық сеніммен қарайды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар