Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады

Бұл туралы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның сөзі бойынша жалпы, Парламент Мәжілісіне 107 депутат сайланады. «Оның ішінде 98 депутат партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланбақ. Ал, жергілікті мәслихатқа 3335 депутат сайланады. Оның ішінде облыстық мәслихаттарға 550, қалалық мәслихаттарға 625 депутат сайланса, сондай-ақ, 2160 депутат аудандық деңгейлерде сайланады», – деді ол.
Мұның алдындағы сайлау 2012 жылдың қаңтарында өткізілген еді. Оған 7 партия қатысып, үш партия 7 пайыздан көп дауыс жинап, Мәжіліске өткен болатын. Олар 83 орынға ие болған «Нұр Отан» билік  партиясы, «Ақжол» партиясы (8 орын) және Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы (7 орын).  

 

Сайлау науқанына шамамен 8 миллиард теңге бөлінеді

Мәслихат және Мәжіліс депутаттарын сайлауды бірлесіп өткізу арқылы бюджеттік қаражат едәуір үнемделетін болады.

«Үнем көлемі шамамен 4,8 миллиард теңгені құрап отыр. Жалпы, сайлау науқанына 8 миллиард теңге бөлінеді деп қарастырып отырмыз», – деді Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.
Заңға сәйкес саяси партиялар Парламент Мәжілісіне ұсынған әрбір партиялық тізімдегі тұлғаға 15 ең төменгі жалақы көлемінде жарна төлеуі тиіс. Ол шамамен 342 мың 885 теңгені құрайды. Мәслихат депутаттығына үміткердің сайлау жарнасы 5 ең төменгі жалақы көлемінде. Бұл – 104 мың 295 теңге. Бұл туралы қосымша орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлім етті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар