Басты түйткіл

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаровтың төрағалығымен өткен кеңесте биылғы көктемгі және күзгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізу мәселелері қаралды. 

  Күн тәртібіне «Агроөнеркәсіп кешені субъектілерін 2016 жылдың көктемгі егіс және орақ жұмыстарын өткізу мақсатында ғы қаржыландыру тетіктері» мәселесінің қойылуы тегін емес.  Өйткені, қашан болсын, диқан қауымын осы бір түйткіл мазалайтыны анық. Соны шешуге бағытталған кеңес жұмысына  облыстық басқармалардың басшылары, қала мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы, аумақтық инспекциялар мен ветеринария бөлімдерінің, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, өңірлік қаржы институттарының, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» және «Аграрлық несиелік корпорациясы» акционерлік қоғамдарының өкілдері қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары өңірде жыл са-йын ауыл шаруашылығы та-уарларын өндірушілерден бидай мен арпаны форвардтық сатып алу бойынша несиелік бағдарлама жүзеге асырылатынын атап өтті. Көктемгі-жазғы қаржыландыру «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының кепілдігімен беріледі. Өткен жылы осы мақсатқа 5,1 миллиард теңгеден астам қаржы өңірдің 740 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне беріліп, уақытында толық қайтарылып алынды.
Сөйтіп, аймақтың агроөнеркәсіп субъектілері өздерінің төлем қабілеттерін толық дәлелдеп берді. Бірақ, бұл орайда өткен жылдың әлі толық қайтарылмаған қарыздарын да ұмытуға болмайды.  Жүзеге асырылып жатқан «Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында мемлекет сала құрылымдарын бюджеттің барлық деңгейінен тікелей несиелеу саясатынан арылуда.
Кеңес барысында «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының кеңесшісі Бауыржан Қасенов сөз алып,  агроөнеркәсіп кешені субъектілерін 2016 жылдың көктемгі егіс және күзгі орақ жұмыстарын өткізуді қаржыландыру тетіктері туралы кеңінен айтып берді.
Өңірлік астық кооперативтерін құру туралы аталмыш акционерлік қоғамға қарасты стратегиялық дамыту департаментінің директоры Алпамыс Омаров хабарлама жасады. Кеңесте несиелеу тетігінің тұсауы кесілді.
– Тетік ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің қаржы ресурстарына қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет саясаты үлгілерінің бірі, – деді кеңес жұмысын қорытындылаған облыс әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров.

«Арқа ажарының»  
өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар