Өтініштер заңға сәйкес қаралады

Орталық сайлау комиссиясында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы брифинг болды.

2016 жылғы 22 ақпанда Орталық сайлау комиссиясында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ҚР ОСК төрағасының орынбасары В.Фоостың брифингі өтті.
 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 49-бабына сәйкес сайлау комиссиясының және оның мүшелерiнiң шешімдері мен іс-әрекеттеріне (әрекетсіздiгіне) жасалған шағымды, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмесе, жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап үш күннiң ішінде қарайды.
Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасын бұзушылықтар туралы өтініштерiн, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмесе, сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап бес күннiң ішінде қарайды.
Сондай-ақ, В.Фоос БАҚ өкілдерін 2016 жылғы 20 қаңтардан бастап 22 ақпанға дейінгі кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 44 өтініші келіп түскені
туралы ақпараттандырды. Олардың 19-ы (42 пайыз) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты болды.
Соның ішінде 10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіру мәселелері бойынша, тағы 9-ы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды ұсынуға, партиялық тізімдерге енгізілген кандидаттарға байланысты сайлау рәсімдеріне қатысты және тағы басқалары.
ҚР ОСК-ге келіп түскен 25 (57 пайыз) өтініш Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанына байланысты. Олардың ішінде
17-сі сайлау заңнамасын түсіндіру мәселелері бойынша, қалғандары рәсімдік сәттерге, сайлау комиссияларының жұмысына, кандидаттар туралы ақпаратқа және тағы басқаларына қатысты. Өтініш иелеріне уақытылы  жауап қайтарылды. Тоғыз өтініш тиісті органдарға қарау үшін жіберілді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар