Жүйелі жұмысты көздеуде

«Ақ жол» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттарды сайлау алдындағы үгіт-насихат науқанын бастады.

Көкшетау қаласында өткен шараға Қазақстан кәсіпкер әйелдері одағының төрайымы,  Мәжіліс депутаттығынан үміткер Меруерт Қазбекова қатысып, үгіт жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ, тұрғындармен кездесіп, жаңа мүмкіндіктерді қалыптастыру жөніндегі нақты шаралар бағдарламасымен таныстыру басты мақсат екенін сөз етті.
 Ал, партияның облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Жеңіс Темірхан өз сөзінде барлық үміткерлер тіркеліп, құжаттар рәсімделгенін жеткізді. Жекелеген үміткерлерге белгіленген межеге жету жөніндегі нұсқаулар берілген. Жиын соңында сайлаудың негізгі талаптары мен үгіт-насихат науқанын тиімді пайдалану жайында мәселелер қаралды.
«Арқа ажарының» өз ақпараттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар