Қасиетін ұғындырды

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев салтанатты жиналыстағы өз сөзінде  «Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады» деп  атап өтті.

Бүгінгі қасиетті мереке күні біз ұлт пен ел тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы күрескен ата-бабаларымыздың, боздақтарымыздың рухына бас иеміз.  Бабаларымыздың ерліктері бізді тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмылдырды. Егемен еліміздің көк туын биіктете түсу міндеті – Қазақстанның әрбір азаматына тағдыр сыйлаған ұлы бақыт десек те болады. Ал, бақыт Елбасы айтқандай, «Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді».
Біз осы бақытты бағалай білгенімізді мақтанышпен айта аламыз.
Қазақстан ұлтаралық татулықты мемлекеттік саясат дәрежесіне көтерді. Елбасымыздың тікелей бастамасымен бірегей институт – Қазақстан халқының Ассамблеясы өмірге келді. Ол бүгінде елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этникалық топтар мен діни конфессиялардың мүдделерін үйлестіріп отыр.
Елбасымыз өзінің бір сөзінде «Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы» деген болатын. Демократиялық даму жолына түскен, жаңарған Қазақстан бүгінде сол бірігу тарихын тұтастандыру тарихына ұластырып отыр.

Болат ЖАНӘДІЛОВ,
денсаулық сақтау саласының ардагері,
Көкшетау қаласының құрметті азаматы. 

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар