«Бір ел – бір кітап»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Дулат Бабатайұлының тағылымы» атты оқырмандар конференциясы болып өтті. Аталмыш кешке әдебиетші ғалымдар, оқытушылар мен студент жастар қатысты.

Мәдени шараны облыстық кітапхананың көпшілік іс-шаралар бөлімінің кітапханашысы Қуаныш Оспан жүргізіп отырды. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиет зерттеушісі Аманжол Ыдырысов «Дулат және Абай» тақырыбында баяндама оқып, жиналғандарға ақын шығармашылығы туралы кеңірек әңгімелеп берді. Оқырмандар конференциясында Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің  аға оқытушысы  Сұлушаш Жүкенова, Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжінің оқытушысы Қуаныш Қожабайұлы және тағы басқалары сөз сөйледі. Ақын өмірінен хабардар беретін танымы мол тағылымды кеште студенттер сұрақтар қойып, өзара
пікір алмасты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар