Жаңа қазандық жылуды мол береді

Облыс әкімі Сергей Кулагин Бурабай ауданында іссапарда болып, осындағы өмірлік маңызы бар бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Алдымен Щучинск қаласындағы және Бурабай кентіндегі жылу қазандықтарында болды.

«Термотранзит» мекемесінің бас инженері Андрей Еманаковтың айтуына қарағанда, қазандықтың қуаты сағатына 47,4 Гкал. Аудандағы ең үлкен жылу қазандығы үш мыңнан астам жеке, үш жүзден астам заңды тұлғаларды жылумен қамтамасыз етеді. Жылу желісінің ұзындығы 15,733 шақырымды құрайды. Бір маусымда сегіз мың тоннаға таяу мазут жұмсалады. Биыл қазандыққа ішінара күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 102 миллион теңге қаржы жұмсалды. Дәл қазір қаржыға байланысты туындап отырған ешқандай мәселе жоқ, мазут қоры жеткілікті.
Өңір басшысы қазандық жұмысының бүге-шігесімен мұқият танысып, өткен жылғы және биылғы жылғы күрделі жөндеу жұмыстарына мемлекет тарапынан 500 миллион теңгеден астам қаржы жұмсалғандығын еске салды. Осындай ыждаһаттылықтың арқасында аудан жылусыз болмауға тиісті. Бурабай кентіндегі бу қазандығы осыдан бір ай бұрын ғана пайдалануға берілген. Бүгінде қазандық 1500-ге жуық жеке тұлғалар мен алпыстан астам заңды тұлғаларды, сонымен қатар, әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық нысандарды жылумен қамтамасыз етіп отыр. Бұл жерде де қаражат тапшылығы жоқ. Аудандағы жылу беру жүйесінің жұмысын пысықтаған облыс әкімі сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, қақаған қыста тұрғындардың жылусыз қалмауын қатаң ескеруді міндеттеді. Мұнан соң Щучинск қаласында салынып жатқан 75 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Ерлан Бидановтың айтуынша, жобаның жалпы құны 397 миллион теңгені құрайды. Күні бүгінге дейін оның 88 пайызы игерілген. Қазіргі күні әрлеу, монтаждау сияқты соңғы жұмыстары жүргізілуде. Облыс басшысы тұрғын үйді ағымдағы жылдың желтоқсан айының жиырмасына дейін тапсыруды міндеттеді.
Мұнан соң облыс әкімі Бурабай кентіндегі жол құрылысы және құрылыс нысандарын аралап көрді. Үстіміздегі жылы жер телімдерін бөлуге бюджеттен 586 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржының 484 миллион теңгесі игеріліпті. Бұл 22 жер теліміне тең, қалған 102 миллион теңге үстіміздегі жылдың қараша айында толық игерілмек.
Облыс әкімі жекеменшік иелерімен келісім жүргізіп, қаңтардың 1-іне дейін үйлерін босату туралы екіжақты келісімге келу керектігін тапсырды.
–Үй иелерімен сөйлесіп, үйлерін босатуды сұраңдар. Үй иелеріне өздерінің меншікті баспанасын бұзып, қажет деп тапқан материалдарын алуға рұқсат етіңіздер. Ал, коммуналдық меншікке сатылып алынған ғимараттардың материалдарын ауданның құрылыс саласына септігін тиетін қорға жинап, бұл істі ұқыпты атқарыңыздар. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда болады,–деді осы орайда облыс әкімі өз сөзінде.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.   
Суретте: Бурабай кентіндегі жаңа қазандық.
Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар