Жас футболшылар жарысы

«Оқжетпес» балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің алаңында футболдан Астана күніне арналған ашық турнир өткізілді.
    Бұл жолы көрермендер қарасы көп болды. Негізінен – 2004-2006 жылдары туған ойыншы балалардың ана-анасы мен туыс-туғандары. Жарыстың ашылу салтанатында «Оқжетпес» балалар және жасөспірімдер футбол мектебінің директоры, Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Марат Төкеев құттықтау сөз сөйлеп, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың орасан зор еңбегі және көрікті Астана қаласының тарихы жайында айтып өтті.
Бұдан кейін футбол орталығы мен «Оқжетпес» футбол мектебінің тоғыз командасы арасындағы турнир басталды. Алғашқы матчтың өзінде-ақ Тимур Сәрсенбаев өзінің мықты қақпашы екенін танытып, «Футбол орталығы-2005» командасының қақпасына бірде-бір доп дарытпады. Сондай-ақ, «Футбол орталығы-2004» командасының ойыншысы Евгений Кутунов жақсы ойын өрнегін көрсетсе, «БЖФМ-2004» командасының шабуылшысы Әбілмансұр Бәпеновтың тепкен добы қарсыластар қақпасына дөп түсіп отырды.
Футбол жанкүйері Абылай Жұмабаев өз сөзінде бұл шеберліктің бәрі Анатолий Светличный, Владислав Гридасов, Усман Маруфжан және Дмитрий Казенов сияқты жаттықтырушылардың еңбектерінің жемісі екенін айтты. Турнир қорытындысында бірінші орынды «Футбол орталығы-2004» командасы жеңіп алды. Екінші және үшінші орындарды «БЖФМ-2004» және «Футбол орталығы-2005» командалары өзара бөлісті. Жеңімпаз командалар медальдармен және Алғыс хаттармен марапатталды. Турнирге қатысқан өзге командаларға да естелік сыйлықтар табыс етілді.
Рамазан ТІЛЕУОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар