Ән болып қалықтап тұрсың, аға!»

Ән әлемінде жарық жұлдыздай сәуле шашып, күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышына айналған Шәмші Қалдаяқовтың туғанына биыл 85 жыл.

Таяуда Шәмші Қалдаяқовтың мерейтойына арналып, біздің орта мектепте музыка пәнінің  мұғалімі Сәт Жұрмағанбетовтың ұйымдастыруымен «Ән аға, Шәмші аға» атты мектепішілік байқау болып өтті. Байқауда Төлеу Өтекеева өнер саңлағының өмірі мен өнері жайында қысқаша баяндап, әндерінің шығу  тарихы жайында айтып берді. 
Композитордың әндері алуан тақырыптарды қамтыған. Балалық  шақ,  жастық  дәурен, махаббат, сағыныш. Байқауға мектеп  мұғалімдері қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды.
 Математика пәнінің мұғалімі Күлән Нарыбаева «Кешікпей келем деп ең» әнін шырқаса, Дамер Болатбек «Сағынышым менің» әнін орындап көрермендердің қошеметіне бөленді. Тарих пәнінің мұғалімі, жас маман Паризод Татиева «Әнім сен едің» әнін қазақ және түрік тілдерінде, ал, Нұрбол Бөкенов Шәмші әндерінен попури орындады. Сондай-ақ, Күлтай Ақбасова, Айжарқын Әмірбек, Ыбырай Байдос, Мәдина Хасенова және интернат тәрбиешісі Қымбат Әбдірахманова мен мектеп оқушысы  Мәржан Әбдірахманова әуелете ән салып, тамаша өнер көрсетті.
Белгілі композитордың соңында бай мұрасы қалды. Арыстың ерке  толқынындай, Каспийдің көгілдір  тұнығындай сұлу да сырлы әндері  халықтың жүрегінде мәңгілік жатталып қалары сөзсіз. Осындай тәрбиелік маңызы зор іс-шара соңында қатысушылар мен көрермендер Қалдыбек Құрманәлінің сөзіне жазылған Ибрагим Исаның «Ән аға» әнін қосылып шырқады.
Байқау қорытындысы бойынша Қымбат Әбдірахманова бірінші, Күлән Нарыбаева екінші, Күлтай Ақбасова үшінші орын иеленді. Жеңімпаздар түрлі сыйлықтармен марапатталды.  
Төлеу  ӨТЕКЕЕВА,
А.Үкібаев атындағы орта мектептің  кітапханашысы. 
Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар