Кілең сайдың тасындай

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай, Төңкеріс ауылындағы №12 орта мектепте спартакиада ұйымдастырылып, мұғалімдер әртүрлі сайыстардан  бақ сынасты.

Аға ұрпақтың ерлік істерін насихаттап, оқушыларды спортқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс тоғызқұмалақ, шахмат, дәлдеп ату, волейбол, бадминтон, теннис сияқты спорт түрлерінен ұйымдастырылды. Жалпы командалық есепте мектеп басшылығынан құралған команда 56 ұпаймен топ жарды. Ал, мектеп директорының шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары Жұмабай Смаиловтың командасы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары топ деп танылды. Волейболдан бастауыш сынып ұстаздары  жеңіске жетсе, Әсия Мусина үздік ойыншы деп танылды. Дартстан Виталий Вегнер, дәлдеп атудан Сейіткерей Қиқымов, тоғызқұмалақтан Асылхан Шәкіров биік тұғырдан көрінсе, жеңіске деген ерекше құлшынысымен  Нұржамал Қаратаева жанкүйерлер алғысына бөленді.
Спартакиадада теннис ойыны ең қызықты әрі тартысты өтіп, бастауыш сынып мұғалімі Нәзира Шәкірова үздік ойыншы атанды. Сондай-ақ, Валентина Бут, Дәметкен Қарабаева, Индира Доланова, Шәкира Сүлейменовалар жақсы нәтижелерге қол жеткізді. Ал, бадминтон ойыны көпшілік қауымға жақсы таныс болмаса да, тарих пәнінің мұғалімі Күлшат Ермұханбетова осы ойынның қыр-сырын жете меңгергендігін көрсетіп, алғырлық танытты. Айжан Рысқұлова ең шапшаң ойыншы, Думан Жақсыбаев үздік шабуылшы, ал Салтанат Қаумұратова мен Айгүл Кеделбаевалар  үздік  қорғаушылар атанды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы жүлделермен марапатталды.
Асылхан ШӘКІРОВ,
№12 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Төңкеріс ауылы.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар