Жұмыс сапарымен аудандарда болды

Облыстық мәслихаттың хатшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Дулат Нұрмолдин жұмыс сапарларымен Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл және Еңбекшілдер аудандарында болды.

Аудандардың депутаттық корпустарымен және Қоғамдық кеңестердің мүшелерімен болған кездесулерде ел Президентінің Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламалардың облыста қалай іске асырылып жатқаны негізгі әңгіме өзегіне айналды.
Д.Нұрмолдин кездесулер барысында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік салалардағы оң істер, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған іс-шаралар, жастарға жасалып отырған қамқорлық, тағы басқа мәселелерге кеңінен тоқталып, депутаттар мен Қоғамдық кеңес мүшелерін елімізде өз жемісін беріп жатқан барлық бағдарламалық құжаттарды одан әрі халыққа түсіндіру және іске асыру тұрғысындағы жұмыстарға белсене қатысуға шақырды.
Қоғамдық кеңестің қызметі мен даму жолдары да осы кездесулердегі басты тақырыптардың бірі болды. Кеңес мүшелерінің алдында алда тұрған міндеттерді бірлесе шешудің үлкен жауапкершілігі тұрғаны айтылып, Қоғамдық кеңес қызметін жетілдіру бо-йынша республикалық деңгейде жүргізіліп жатқан жұмыстар таныстырылды.
Жұмыс сапарлары барысында Д.Нұрмолдин азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш иелеріне барынша қолдау
көрсету мақсатымен олардың ұсыныс-тілектерін өз құзыреті шеңберінде бақылауға алды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар