Сыбайлас жемқорлыққа – тосқауыл

Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлт Көшбасшысының саяси ерік-жігерінің арқасында Қазақстан кезеңді және мақсатты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы
ымырасыз күрес саясатын жүзеге асыруда.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықты жоюдың ең тиімді факторларының бірі мемлекеттік қызметшілерді кез келген мемлекеттің заңнамасына енгізілген өзгерістер туралы ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көрінісінің алдын алу мақсатында нақты мысалдарды талдау және Қазақстан Республикасының заңнамасының қатаң сақталуына арналған кешенді шараларды әзірлеу профилактикалық жұмыс болып табылады.
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру мақсатында 2017 жылға арналған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жоспар әзірленіп бекітілді.
Қазіргі уақытта осы іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік биліктің беделін нығайту қажеттігі, мемлекеттік қызмет беделін түсіретін іс-әрекеттерді болдырмау туралы және қолданыстағы заңнаманың талаптарын орындау мақсатында семинарлар, құқықтық білім беру шаралары, жиналыстар өткізіледі. Солардың бірі 2017 жылғы 17 наурызда Қазақстан Рес-
публикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен өткізілді. Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормалары түсіндірілді, сонымен қатар, мысал ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар туралы бейнежазбаны көру ұйымдастырылды.
Бұдан басқа, персоналды басқару қызметімен мемлекеттік қызметке орналасу барысында арнайы тексерістен өту үшін қажетті құжаттарды жинақтау және басқарма қызметкерлерінің кірістері мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуының қамтамасыз етілуі бақылануда.
Сондай-ақ, 25-20-40 сенім телефоны қызмет етеді. Сенім телефоны және жауапты қызметкер туралы ақпарат басқарманың ресми сайтында (http://gask.akmo.gov.kz/) және әкімшілік ғимаратында қолжетімді жердегі ақпараттық стендте орналасқан. Басқарманың фойесінде басқарма қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы арыздар мен шағымдарды қабылдау үшін жәшік орнатылған.
Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алуды қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыру үшін басқарманың лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысына әдеп жөніндегі уәкілінің міндеттері жүктелген.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізіледі. Егер басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталса, жұмыс тобы құзыретті органдарға қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар жасайды.
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен жүзеге асырылатын барлық іс-шаралар сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылық жасаудың себептері мен жағдайларын жоюға, құқықтық базаны жетілдіру, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын ілгерілетуге бағытталған.
Нұржан МҰҚАНОВ,
Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар