Жемқорлыққа жол берілмейді

Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалиновтың төрағалығымен Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, бірқатар мемлекеттік лауазымдағы тұлғалардың тәртіптік істері қаралды.

«Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында өткен жиында Бурабай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайыргелді Мусин мен Ерейментау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сайлау Жылқыбаевтың тәртіптік істері қаралды.
Бұдан басқа Атбасар ауданы әкімі Аманбек Қалжанов, Целиноград ауданының әкімі Мәлғаждар Тәткеев, мемлекеттік кірістер департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Шәйкенов, Атбасар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Анар Тілеубаева және облыстық жерді пайдалану мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Талғат Мұханбетжанның қызметтік тәртібін нығайту, сыбайлас жемқорлықты ескерту және әдеп нормаларының бұзылуын алдын алу бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындылары туралы есептері тыңдалды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар