Шеберлік сабағы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ЕЦ-166/24 мекемесінде бекітілген мәзірге сәйкес тағам дайындау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Аталмыш шараны №3 агротехникалық колледжінің ұстаздары И.Корнилов, С.Котова, К.Жексенбаев өткізді.

Ал, сабақ мекеме бастығының орынбасары міндетін атқарушы, әділет майоры А.Қауметовтың, ТЖҚЕБ бастығы Н.Тасқұловтың, тәртіптік бөлімнің жедел өкілі, аға лейтенант А.Эргашевтың, мекеме асханасының меңгерушісі Г.Рамазанованың және асханашының міндетін атқарушы А.Логвиннің қатысуымен өтті.
Мекемеде түскі ас кезінде 160 сотталушы тамақтанады. Бұл күні іс-шара барысында бірінші тағамға щи тағамын дайындаудың қыр-сыры көрсетілді. Бірінші тағам деп біз көжелерді атаймыз. Көбінесе көжелер сорпада дайындалады. Ал, көженің қоюын көкөністерден, жармадан, макарон өнімдері мен бұршақтардан, жеміс-жидектерден әзірлейді. Екінші тағамға еттен гуляш ұсынылды. Сонымен қатар, аспазшылар мен асхана қызметкерлеріне негізгі тағамдарды дайындау бойынша кеңестер беріліп, ұсыныс-тілектер айтылды. Шеберлік сабағы ойдағыдай өткізіліп, дәмді ас мекемедегі бас бостандығынан айы-рылған жандардың көңілдерін бір көтеріп тастады.
Аталмыш мекемеде байқаусыздан қылмыс жасағандар, бірінші рет сотталған азаматтар өз жазаларын өтеуде. Сонымен қатар, қауіпсіздігі орташа және жоғары деңгейдегі мекемелерден көшірілген сотталушылар да бар. Олар жатақханаларда тұрады және өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар. Өткізілген шара жазасын өтеп жатқан жандарға біршама тәжірибе алмасуға және біліктіліктерін арттыруға жақсы жағдай тудыруда десек артық емес.
Нұрлан ТАСҚҰЛОВ,
ЕЦ-166/24 түзеу мекемесінің
тылдық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы.

Суретте: ЕЦ-166/24 мекемесінің тылмен қамтамасыз ету бөлімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар