Елбасы «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының директоры Аружан Саин мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының директоры Азат Шәуеевті қабылдады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы әлеуметтік бастамаларға жан-жақты қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Осыған байланысты Қазақстан Президенті қорлардың әрқайсысына 300 мың доллардан берілетінін, бұл оның Қытайға сапары кезінде алған «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлығының қаражаты екенін айтты.
– Бұл қаражат әрине, барлық түйткілді шешпейді. Бірақ оның берілуі біздің қоғамды қайырымдылыққа көбірек көңіл бөлуге үндейтін белгі болып саналады. Біз Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп отырмыз. Бұл мерекенің мәні – бір-бірімізге, әсіресе балаларға көмектесу, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев «Мейірімділік» ерікті қоғамы» қорының ауыр науқасқа ұшыраған балаларға көмек көрсету тәрізді маңызды әлеуметтік бағыттағы жұмыспен айналысатынын, бұл істе оған бүкіл қоғамның қолдауы қажет екенін айтты.
– Сіздердің бұл істі қолға алуларыңыз мейірім үлгісін көрсетеді, балаларды құтқаруға қаражатын бөле алатын азаматтарымыздың назарын аударады. Бұған қоса, біз аурулардың пайда болу себептерін іздеумен де айналысып, олардың алдын алуымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамыту ел болашағы үшін маңызды мәнге ие екенін атап өтті.
– Бұл мәселе тез шешіле қоюы мүмкін емес, ұзақ уақыт жұмыс жүргізген жөн. Мұны өскелең ұрпақтан бастау қажет. Тілдің дамуына жан-жақты көмек көрсету керек. Зиялы қауымды тартып, өзекті шығармаларды талқылау, тілді үйренудің жаңа әдістерін ілгерілету маңызды, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы А.Саин мен А.Шәуеевке атқарып отырған қызметтері үшін алғыс білдіріп, оларға табыс тіледі.
А.Саин мемлекеттің қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарын қаржыландыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына көмек көрсетіп отырғаны үшін Елбасына алғыс айтты.
Мемлекет басшысына А.Шәуеев  өзі басқаратын қордың қызметі туралы баяндай отырып, қазақ тілін дамытудағы мемлекеттік қолдаудың айрықша мәнін атап өтті. Ол Қазақстан Президентінің көреген саясатының арқасында елімізде мемлекеттік тілді қолдану мен нығайту үшін барлық жағдай жасалғанын айта келе, бөлінген қаражат өскелең ұрпақтың мемлекеттік тілді үйренуін қолдауға бағытталған жобаларды жүзеге асыруға арналатынын атап өтті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар