Экологиялық қауіпсіздікке – басты назар

 Астанада Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың сайлауалды штабының ашылуы болып өтті.

  Ә.Құсайынов өзінің республикалық сайлауалды штабының басшысы Рүстем Жоламанды таныстырса, ол өз кезегінде штабтың таяу болашақтағы жұмыс жос­пары туралы айтып берді.
«Қазақстан Республикасы прези­денттігіне кандидат Ә.Қ.Құсайыновтың штабы өз жұмысын бастады. Алдымызда көп жұмыс күтіп тұр. Президенттіктен үміткерден де өте көп тапсырмалар бар.
Біз үгіт-насихат науқанын бұқара­лық ақпарат құралдары арқылы, бас­пасөз және электронды БАҚ арқылы жүргізетін боламыз. Біз сайлаушылармен түрлі облыстарда кездесеміз деп жоспарлап отырмыз.
Біз қазір сенім білдірілген адамдармен үлкен жұмыстарға дайындалу үстіндеміз, олар өз кезегінде біз­дің кандидаттың тұғырнамасын әр сайлау­шыға дейін жеткізуге тиіс. Қысқасы, сенім білдірілген адамдар халықтың барынша көп бөлігін қамтуға ұмтылатын болады», – деп атап өтті Р.Жоламан.
Үстіміздегі жылдың 26 наурызы мен 24 сәуірі аралығындағы үгіт жұмыстары кезеңінде республикалық және өңірлік штабтар бірқатар ұйымдастырушылық шараларын өткізуді жос-парласа, олардың арасында өңірлерде сайлаушылармен кездесулер, сенім білдірілген адамдармен кездесулер ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында сайлауалды үгіттерін өткізу бар.
Р.Жоламан атап көрсеткендей, штаб тарапынан үгіт жұмыстары жос­парланса, осыған сәйкес көптеген кездесулер өткізілетін болады. Атап айтқанда, жекелеген кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен, шаруа қожалықтарымен және фермерлік шаруашылықтармен кездесулер белгіленген. Қазақстанның барлық өңірінде сайлауалды штабы құрылып, сенім білдірілген адамдар тіркелген. Әр ауданда ел заңнамасында қарас­тырылған үгіт шараларының барлық кешенін өткізу болжанып отыр.
Штабтың ашылуы кезінде Ә.Құ­сайынов сайлауалды бағдарламасында көтерілетін мәселелердің көкей­кес­ті­лігін атап өтіп, осы өзекті проблемаларға жұрт­шылықтың назарын аудару қажет­тігін көлденең тартты.
Атап айтқанда, экологияны сақтау мәселелері.
Қазақстан Республикасы пре­зиденттігіне кандидат Ә.Қ.Құсайынов тұғырнамасының негізгі мақсаты туралы айтатын болсақ, онда адам дамуы орайында экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ілгерілеуге көшу міндеттерін қарастыру, кез келген мәселеде экология проблемаларының есепке алынып отыруы қажеттігін көрсету, әсіресе, өнеркәсіп қауіпсіздігі аса өзекті мәселе екеніне назар аудару көзделеді.
Ә.Құсайыновтың пікірінше, экологиялық саясатты жаңғырту және экологиялық дамуға кезең-кезеңімен кө­шуде азаматтық қоғамның рөлі мәсе­лесіне ерекше назар аударылуы тиіс.
Сондай-ақ, Ә.Құсайынов өзінің сай­лауалды бағдарламасында өнеркә­сіптік қауіпсіздік пен техникалық регла­менттерді сақтау қағидаттарына мүм­кіндігінше баса назар аударылуы қажет­тігін атап көрсетеді.
Өсудің негізгі көзі – экономиканы экологиялық таза, қалдығы аз технологияларға көшіру, яғни, қоршаған ортаны көздің қарашығындай сақтау қағидатын қалыптастыру, – деп санайды президенттіктен үміткер Ә.Құсайынов. Осындай жағдайда біздің бәсекеге қабілеттілігіміз, қоғамның әл-ауқаты мен өмір сапасы үдемелі түрде артатын болады. Ал бұған, жоғарыда атап көрсетілгеніндей, қоршаған ортаға оң көзқарас қалыптастыруды қамтамасыз ету мүмкіндік береді.
Экологиялық тепе-теңдік пен өндірістік қауіпсіздікті сақтау идеясын таратуда барлық қоғамдық ұйымдарды қоса алғанда, оның ішінде кәсіби институттар да бар, азаматтық қоғам құрылымдары ерекше рөл атқаруы тиіс.
Осындай институттарды орталықта және өңірлерде дамыту сарапшылық қоғамдастық пен азаматтық қоғамның күш-жігерін экологиялық дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы жаңғыртудың нақты жолдары мен әдістерін айқындауда топтас-тыра түсуге оң ықпал ететін болады.
Ә.Құсайыновтың сайлауалды бағ­дар­ламасында өнеркәсіп қауіпсіздігі мәселелері айтарлықтай орын алады.
Ә.Құсайынов кәсіпорындар қыз­метінің өнім мен үдерістер қауіп­сіздігін қамтамасыз етуге мүдделілігі алғашқы орындардың біріне шығуы үшін жүйелі қоғамдық бақылау қажет деген көзқараста. Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Рес­публикасының Президенті лауазымына өзінің кандидатурасын 2015 жылдың 12 наурызында ілгерілеткен еді.
Орталық сайлау комиссиясы айқын­даған барлық рәсімдерден табысты өткен ол 2015 жылдың 18 науры­зында Қазақстан Респуб-ликасы прези­дент­тігіне үшінші кандидат ретінде тіркелген болатын.
Президенттікке кандидат Ә.Құсайы­новты қолдаған 132 мың 152 сайлау­шының қолы жиналған-тын және олар дұрыс деп танылған еді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар