Үш үміткер тіркелді

2015 жылғы 26 сәуірге тағайындалған Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 25 наурызда Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталған еді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 59-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, тіркеу үшін барлық қажетті құжаттарды табыс етпеуіне байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Лимана Қойшиеваны, Қанат Сбашұлы Турагелдиевті, Жарылқап Сейдләұлы Қалыбай мен Хасен Кәрімжанұлы Қожа-Ахметті Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде тіркеуден бас тарту туралы қаулылар қабылдады.
Осылайша, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде:
1. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты
2. Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовты
3. Әбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновты тіркеді.
26 наурыздан бастап барлық тіркелген кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кірісуге құқылы болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидаттардың республикалық бюджет қаражатынан жабылатын шығыстарының мөлшерлерін белгілеу туралы қаулы қабылдады.
Сайлау заңнамасына сәйкес мемлекет кандидаттарға өз бағдарламаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына шығуы үшiн бiрдей қаражат бөлiнуіне кепiлдiк бередi. Әрбiр кандидаттың теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуiне, радиодан он минуттық сөз сөйлеуіне, сондай-ақ, баспа басылымдарында 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екi мақала жариялауына қаражат берiледi.
БАҚ-тарда сайлау алдындағы үгітті жүргізу үшін кандидаттарға бөлінетін сомалардың есебі Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті ұсынған қолданыстағы бағаларға сәйкес жүргізілді.
Теледидардан он бес минуттық сөз сөйлеуіне кандидаттарға 5 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Радиодан өз бағдарламасымен он минуттық сөз сөйлеуіне әрбір кандидатқа 200 000 теңге бөлінеді. Баспа басылымдарында екі мақала жариялауына әрбір кандидатқа 810 000 теңге бөлінеді.
Сонымен қатар, кандидаттарға сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайды жалға алуға 200 000 теңге сомасында, үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға 250 000 теңге сомасында қаражат бөлінеді. Тіркелген әрбір кандидаттың көліктік шығыстарына тағы 300 000 теңгеден бөлінеді.
Сондай-ақ, Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынымы бойынша 25 нау-рызда тағы 9 халықаралық байқаушыны тіркеді. Олардың 5-еуі ТМД-дан Байқаушылар миссиясының өкілі (екеуі Беларусь Республикасынан және үшеуі Тәжікстан Респуб-ликасынан), 4-еуі шет мемлекеттердің өкілдері (Канада, Литва, Финляндия және Чехиядан бір-бірден).
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар