Бизнес үшін әкімшілік кедергілері азайып келеді

Ербол Жақсылықов,
Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте айқын және жалпыға ортақ оң үрдістер байқалады. Бұл – Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырудың нәтижесі. Өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы жүзеге асырып келеді.

Мемлекеттік қызметшілер тарапынан жол беріліп жүрген кейбір жат көріністер мемлекеттің табысты дамуына кедергі келтіреді. Ондай жағдайлар ивестициялық тартымдылықты төмендетеді және елде бизнесті жүргізу үшін кедергі болады. Сондықтан да, заңнамалық база бұл мәселені мұқият шолуды және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды талап етеді.
Бұл бағытта Қазақстанда үлкен жұмыстар атқарылды. Ағымдағы жылдың 24 мамырында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 14 кодекске және 109 заңға 1000-ға жуық түзетулер енгізуді көздейтін «Кәсіпкерлік қызметін реттеуді жетілдіру туралы» Заңға қол қойды. Ол бизнеске жұмсалатын шығындарды азайту, әкімшілік тосқауылдарды жою және бизнесті дамытуды ынталандыру саясатын ескере отырып әзірленді. Ағымдағы жылдың маусым айында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин жаңа заңнаманың негізгі нормаларын түсіндіру мақсатында Ақмола облысының кәсіпкерлерімен кездесті. Қабылданған шаралар бизнесті жүргізуге тиісті жағдай жасайды және қызмет алушылар үшін әкімшілік кедергілерді азайтады, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың әрекеттеріне халықтың сенімін күшейтеді.
2017-2020 жылдарға арналған Дүниежүзілік банктің рейтингі негізінде біздің басқарма кәсіпкерлікті дамыту үшін Ақмола облысында бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту жөніндегі жоспарды бекітті, отбасылық кәсіпкерлікті қоса алғанда, жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша шаралар кешенін әзірледі.
2018 жылдың төрт айы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижелеріне сәйкес жұмыс тобы «мемлекеттік грант беру» қызметін ұсынуды жетілдіру бойынша ұсынымдар дайындады.
Басқарма Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын және Этика кодексінің нормаларын түсіндіру үшін аппараттық оқулар өткізеді. Мұндай іс-шаралар осы мәселені бақылаудың тиімді тетігін іске асыруға көмектеседі.
Басқарманың ресми сайтында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлім бар. Осында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қолданыстағы заңнамалық базасы, соның ішінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын және басқа да қажетті құжаттарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары көрсетілген. Сондай-ақ, сайтта басқарма басшылығының табысы мен мүлкі, азаматтарды қабылдау кестесі, сенім телефонының нөмірі – (8 7162-24-00-00) бар. Қорыта айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес осы бағытта жүргізілгені жүйелі жұмыспен ғана нәтижелі болады. Біздің басқарма үнемі өз қызметінде осы бағытты көздейді.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар