Достықпен еліміз еңселі, жүзіміз жарқын

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!
Бұл мереке қазақстандықтардың достығы мен бірлігінің ұлы мейрамы. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында «Тұтас қоғам да, жеке азамат та бейбітшіліктің, тұрақтылық пен келісімнің өздігінен келе салмайтынын білуге тиіс. Мемлекет ұдайы этносаралық және конфессияаралық процестердің тамырын басып, жіті қадағалап отыр. Ұлттық бірлікті нығайта түсу үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы мен барлық мемлекеттік органдар тұрақты, күнделікті жұмыс жасауда», – деген болатын.  
Бүгінде біз түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің бейбіт өмірін дүние жүзіне паш ететін Ұлт Көшбасшысының теңдессіз моделін шындығында мақтан тұтамыз.
Өткен жылдар ішінде біз көп қиындықтарды бастан өткердік, бірақ, ең басты байлығымыз – халықтың бірлігін сақтап қала білдік.   
Біздің алдымызда Мемлекет басшысы ұсынған «Кіші Отанымыз» – «Туған жер» жобасын жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Отанға деген махаббат адамдардың туған жерге сол жерде тұратын халықтың бір-біріне деген маңызды қарым-қатынасынан басталады.   
Бүгінгідей ерекше күнді Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының кең көлемді қайырымдылық акциясын қолдап, тасқын судан зардап шеккен жерлестерімізге көмек көрсеткен азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.

Құрметті жерлестер!
Біз, ақмолалықтар, өңірдің және жалпы еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін барлық қуатымыз бен мүмкіндігімізді пайдалануымыз керек. Тек бірлесе отырып, мәңгі гүлденген Қазақстан – Мәңгілік елді орната аламыз.  
Жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұратын біздің Ақмола жері шынайы достықтың бесігі. Осыған байланысты облысымыздың экономикасы мен әлеуметтік жағдайы қарқынды даму үстінде.
Ақмолалықтар барлық ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрі мен мәдениетін айрықша сақтауда. Бұл біздің ертеңгі күнге деген берік сенімімізді көрсетеді.  
Бүгінгі көктемнің ерекше күнінде сіздерге мерекелік көңіл-күй, денсаулық, сәттілік, ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен гүлдену тілеймін! Қазақстан халқының достығы арта берсін!  

Мәлік Мырзалин,
Ақмола облысының әкімі,
Қазақстан халқы Ақмола
ассамблеясының төрағасы.

 

 

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді еліміздің ұлық мерекелерінің бірі – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл  ғасырлар бойы қазақтың кең даласын мекен еткен түрлі ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігін нығайтып, арман-мақсаттарын бір арнаға тоғыстырған айтулы мереке.
Таяуда ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев биылғы жылдың ел тарихынан алар орнының ерекше екендігін атап өткен еді. Өйткені, дәл биылғы жылы елімізде көптеген тарихи маңызы бар оқиғалар болмақ. Қазақстан қазір сан түрлі ұлттар мен ұлыстарға, әртүрлі діни конфессияларға өз дәстүрлері мен ұстанымдарын сақтап, дамытуға барлық жағдай жасап, ұлтаралық, дінаралық қарым-қатынасты нығайтуда биік табыстарға қол жеткізіп отыр. Біз осындай ұлтаралық оңтайлы саясатымыздың арқасында әлемге бірлік пен татулықтың үлгісін көрсетіп келеміз.
Ынтымақ пен бірлікті, достығымызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамыту – баршамыздың басты тілегіміз бен мақсатымыз. Осы орайда, бұл маңызды міндетке әрбір адам өз үлесін қосуы қажет. Бірлік болған жерде ғана табыс пен жетістік болады.
Осы бір айтулы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, ортақ үйіміз – Қазақстанды дамыту жолындағы еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!
Дулат НҰРМОЛДИН,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен  құттықтаймыз. Биыл бұл мерекені көп этносты  Қазақстан халқы  зор саяси өрлеу үстінде қарсы алуда.  Қазақстан  Республикасының  Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен елімізде экономикалық және саяси жаңғырулар табысты жүргізіліп жатыр. Елбасы енді қазақстандық қоғам  алдына  рухани жаңғыру міндетін қойып отыр.  Бұл орайда,  Мемлекет басшысының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» еңбегімен барлық қазақстандықтар аса зейін қоя танысып, ұлттық сананы жаңғырту арқылы бүгінгі әлемдік бәсекелестік жағдайында терең білім алып, қажырлы еңбек етіп, еліміздегі бірлікті одан әрі нығайта отырып, Қазақстанды әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосуды өздерінің абыройлы парыздары екендігін терең сезіне түсуде.
Күні кеше Астанада болып өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХV сессиясында Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ел бірлігін нығайту жолындағы барлық қазақстандықтардың игі істері мен ниеттеріне жоғары баға берді. Әлемнің қазіргі даму жағдайында ел бірлігі мен тыныштығын сақтаудың маңызы арта түспек. Сол үшін де, Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХV сессиясына қатысушылар    ел тәуелсіздігінің алғашқы күнінен бастап,  барлық ұлттар мен ұлыстардың ынтымағы мен бірлігін жарастырып,  бір мақсат, бір ниетке жұмылдыра біліп, Қазақстанды әлемдік дамудың биік деңгейіне көтерген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа шынайы ризашылықтарын білдірді, Елбасының саясатын қызу қолдайтындықтарын мәлімдеді. Бұл барлық қазақстандықтардың берік ұстанымы.       
Тәуелсіз еліміздің  өсіп-өркендеуі мен нығаюына зор үлес қосып келе жатқан  барша ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, осы бір тарихи сәтте еліміздің бірлігі мен ынтымағын,  қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға қызмет жасау біздің әрқайсымыздың абыройлы борышымыз  екендігін айтқымыз келеді. Сіздерге  зор денсаулық, отбасының аманшылығын, еліміздің тыныштығын, әлеуметтік-экономикалық салада, рухани жаңғыруда  жаңа табыстар тілейміз.

 Рашит ӘКІМОВ,
Жабал ЕРҒАЛИЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті  
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар