Көктемгі су тасқынында қалған Сандықтау ауданында арнайы комиссия 26 үйдің тұруға жарамайтынын анықтады.

Табиғат апатынан зардап шеккендерге бүгінге дейін көмек қолын созушылар қатарында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, «Көкшетау минералды сулары» АҚ, Көкшетау халық банкі филиалы,
Науан хазірет атындағы орталық мешіт, тағы басқа көптеген мекемелер мен ұйымдар бар. Облыстық тексеру комиссиясы мен аудандық әкімдік Сандықтау селолық округінде қайырымдылық акциясын өткізіп, табиғат апатынан зардап шеккен отбасыларына азық-түлік, киім-кешекпен көмектесті.
Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының мәліметі бойынша су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін арнайы ашылған есеп-шотқа 20 миллион 289 мың теңге қаржы түсті. Оған қоса, қайырымдылық қорына келіп түскен азық-түлік, киім-кешек,  тұрмыстық заттар да аз емес.
Қазақстан коммунистік халықтық партиясы да табиғат апаты туралы естіп, білісімен бірден су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуға ұмтылды. Осы партияның Ақмола облыстық комитетінің хатшысы Бейсенбай Мәжитовтың айтуынша, қысқа мерзім ішінде 400 мың теңгеден астам қаржы, киім-кешек жиналды. Оның 200 мың теңгесін «Прометей» қоғамдық қорының басшысы Олжас Сыздықов бөлді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.    
«Апат айтып келмейді» деген халық даналығы рас болып отыр.

«Көкшетау Энерго» серіктестігінің және осы еңбек ұжымы өкілдері қоғамдық бірлестігінің жиналысында Атбасар қаласындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қорына өздерінің екі күндік еңбекақыларын аудару жөнінде Ақмола облысы тұрғындарына үндеу қабылданды. Арнайы есеп-шотқа 10 миллионға жуық қаржы аударылатын болады.   
«Көкшетау Энерго»
серіктестігінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар