Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Күнтізбе / Мұрағат

<< < Тамыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

21 Қазан 2014

«Төңкерілген жарнама»

Бұл да клиент тартудың «жаңа тәсілі» болса керек. Қаланың қақ ортасында төңкеріліп тұрған жарнамаға көз салғандардың осылайша ой топшылайтыны сөзсіз.

Облыс орталығындағы Еркін Әуелбеков көшесінің бойында тұрған билбордтағы такси қызметінің жарнамасындағы 722227 телефон сандары мен такси тайм сөздері төңкеріліп тұр. Мұны көрген әр адамның әрі-сәрі күйге түсері анық. Жұртты таңқалдырудың түрлі әдісін ойлап табатындар «атың шықпаса, жер өрте» мақалын кәдімгідей қағидаға айналдырғандай.
Көше бойындағы анадайдан мен мұндалап тұратын кейбір жарнамалардағы әріп қатесі мен шала-жансар аудармаға көзіміз де, етіміз де үйреніп кетіп еді, енді бара-бара мынадай «мені көріңдер» деп төңкеріліп тұрған жарнамаға да таңқалмайтын шығармыз.
Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Читать далее

Руханият жанашыры

Ұлт басылымы – «Ана тілі» газетінің бағыт-бағдарымен көзі қарақты оқырман жақсы таныс. Ең басты мақсат – қазақ тілінің мән-маңызын жұртшылық арасында кеңінен насихаттап, оның ел өмірінде қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.

Читать далее

Ерболаттың елеңдеткен 50-і

Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында ақын Ерболат Баятұлының мерейтойына арналған әдеби кеш болып өтті.

Әдеби кештің мақсаты – белгілі ақын, жазушы Ерболат Баятұлының шығармашылығын көпшілікке насихаттау, жастардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру.

Читать далее

Бойында білігі мен ұлағаты

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Қазақтың көрнекті ақыны Ғафу Қайырбековтың қаламынан туған осы бір жыр жолдары өңіріміздегі өнегелі ұстаздардың бірі – Гүлжамал Ілияшеваға арналғандай. 

Читать далее

Өнердің ерен жүйрік Құлагері

Жарық дүниеде уақыттан құдіретті ештеңе жоқ-ау, сірә. Сарқырап аққан дария да, ұшар басын зәулім көкке тіреген асқар тау да осы бір құдіреттің керемет күшіне амалсыз мойын ұсынады.

Ал, пенделер ше? Өз заманындағы өзгеден өнер оздырған, халқының рухани азығы үшін қисапсыз еңбек сіңірген замандасының жарқын бейнесін жадында сақтай бере ме? Ұйтқып соққан желдей, ақбас толқындары аспанға атып буырқанған көлдей өмірдің ағысы бір сәт ойландыруға, толғандыруға мұрша беріп жатыр ма?

Читать далее

Қылмыстың алдын алатын жоба

Бұдан былай облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің барлық аулалары, автокөлік тұрақтары мен балалар аулалары  түгелдей бейнебақылау камераларымен жарақтандырылатын болады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінде «Қауіпсіз аула» бағдарламасының іске асырылу барысы жайында өткен жұмыс кеңесінде белгілі болды.

Читать далее

Құтқару қызметі жетілдірілуде

 Ақмола облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінде  Құтқарушылар күні мерекесі  аясында «Заманауи қоғамда құтқарушы кәсібінің маңызы» тақырыбында конференция ұйымдастырылды.

Конференцияға департамент бастығының орынбасары, подполковник Қанат Дос-паев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Сапарғали Асылбеков, ҚР ІІМ Көкшетау техникалық институты басшысының орынбасары Жасұлан Досмағамбетов, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері,  білім ошақтарының студенттері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері  қатысты.   Шараны жүргізіп отырған Қанат Доспаев ауқымды баяндама жасады. Онда Елбасымыз азаматтық қорғаныстың заманауи жүйесін құрғаны, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша  маңызды шешімдер қабылдағаны айтылды.

Читать далее

Ортақ істің жанашыры

№6 Астрахан агротехникалық колледжінің  директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Валентина Быстрицкая – «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған өңірдегі санаулы әйел басшылардың бірі.

Осыдан он жылдай уақыт бұрын ол аталмыш оқу ордасының басшысы болып тағайындалған еді.  Сол кезде кәсіби лицей  болған білім ошағы қатты құлдырау жағдайында еді. Бұл қиын сәтте оның қайта түлеп, іргелі білім мекемесіне айналатындығына сенушілер аз болды. Осы он жыл ішінде Валентина оны нағыз кәсіби даярлық ордасына, ауыл шаруашылығына мықты кадрлар даярлайтын мекемеге айналдыра білді.  Соның нәтижесінде ол жетекшілік ететін №6 агротехникалық колледж облыстағы осындай 18 оқу ошағының ішінен үздік бестіктің қатарына еніп отыр.

Читать далее

Бюджет қаржысын оңай нәпақа көреді

Ақмола облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясы бюджет қаржысының дұрыс   игерілуін қадағалау мақсатында жыл басынан  бері  250 бақылау шарасын өткізді.

Соның нәтижесінде  26 миллиард 771  миллион 034,3 мың теңге көлеміндегі қазына қаражатының дұрыс игерілмегендігі анықталды.  Қаржылық заң бұзушылық саналатын   мұндай жағдай негізінен,   ережелер мен шарттарды қадағалау барысында, жергілікті бюджетті әзірлеу,  бекіту және  нақтылау мен  түзетуде, мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруда жіберілген кемшіліктер   салдарынан орын алып отыр.  Осы орайда, жыл басынан бері  біздің тарапымыздан қабылданған шаралар мақсатты жұмсалмаған  қаражаттың 97,3 пайызының қалпына келтірілуіне, бюджетке қайта өтеліп алынуына ықпал еткенін атап өткен жөн. 

Читать далее

Пайда көзіне айналдыруда

2013 жылдың қараша айында Мемлекет басшысы Астананың іргесіндегі 30 шақырымдық аумақта жер бөлуді уақытша тоқтату жөнінде арнайы мораторий жариялаған еді.

Соған қарамастан, осы орайдағы заң бұзушылық Целиноград ауданында әзірше тоқтамай тұр. «Құныққаннан дәніккен жаман» демекші, бұл көлеңкелі істі кәсіпке айналдырғандар Қазақстан Республикасының Жер Кодексінде көрсетілген баптарға, жергілікті билік органдарының түрлі тыйым салған шараларына пысқырып та қарамай отыр. Олай дейтініміз, бір ғана Қоянды ауылында жыл сайынғы сот шешімдеріне қарамастан, 167 жер телімі белгісіз пысықайлардың меншігіне айналған. Оның жалпы аумағы 23,9 гектарды құрап отыр. Ауданда жыл сайын етек жайып, ушығып бара жатқан қылмыстық әрекеттердің басы-қасында белгілі бір адамдар жүр.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6722
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3882740