28 Қазан 2014

«Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

1. Бастапқы медико-санитарлық көмек және емдеу-профилактикалық қызмет бөлімінің басшысы,  D-O-3 санаты.
Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 84563 теңгеден  114032  теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмысын ұйымдастырып, басшылық ету. Халық денсаулығын қорғау саласындағы мемлекеттік, өңірлік және стратегиялық жоспарларды әзірлеу және мониторингтеу бойынша жұмыстарды жүргізу.

Читать далее

Шахмат, дойбыға құштар

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқар-масы  еңбек ардагерлері арасында шахмат пен дойбыдан облыстық турнир өткізді.

Жарысқа Бурабай, Бұланды, Аршалы, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласынан 16  еңбек ардагері қатысты.  Аса тартысты өткен жарыста спорт шеберлігіне үміткер көкшетаулық  А.Сақаев жеңімпаз атанды. Ал, қалған екі орынды А.Антонов (Бурабай ауданы) және Т.Мұқышев (Көкшетау қаласы) иеленді.

Читать далее

Дұрыс тамақтана білеміз бе?

Ұлттық салауатты тағамтану орталығы облыстық бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Дұрыс тамақтану – ең өзекті мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Читать далее

Шежіре сөйлегенде...

Атбасар қаласында  тарихшы, өлкетанушы, шежіреші Шыңғыс Мұратұлының «Қылды Қарауыл Көмекей әулетінің шежіресі» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

Читать далее

Қазақ – биімен бірге жасаған халық

Туғалы жүген, құрық тимеген шу асау шиыршық ата бұлқынған. Құшақ толы жалы, қамыстай шаншылған қос құлағы әлдебір дауылдың екпінімен бұлғақтайтындай. Қоладан құйған мінсіз мүсіндей сұлу бесті құлын күнінен еркін көсілген ен даласын аңсайтын тәрізді. Ойхой, дүние! Сайын даланың төсінде самал желмен жарысқан күндер-aй! Құдіретті төрт  тұяқ көлденең жатқан көк  тасқа тисе, қамырдай илейтіндей. Серіппедей бүгілген аш белде, жалпақ жаяда,  буырқанып, бұғып жатқан бұла күш бар.

Читать далее

Дүние құлпырып, нұрға малынған Мақпал кеш

«Көкшетау» мәдениет сарайында әсем сазды өнерімен аты шыққан, қазақтың қиғаш қас, қара көз, ерке қызы Мақпал Жүнісова өз көрерменімен қауышты. Хас өнерді қадір тұтатын туған халқының мақтанышына айналған жұлдыздың ән-кешіне көрермен қауым көп жиналды.

Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әнші Мақпал Жүнісова араға он жыл салып, Көкше жеріне қайта келіп отырғанын айтты. Сол кезде келгенінде мәдениет сарайының жөнделмеген ескі еденіне туфлиінің өкшесі кіріп кеткенін айтып бір күлдіріп, осынау жылдар ішінде ғимарат та,  қала да ерекше келбетке еніп, жақсы жағына өзгергенін айтты. Осынау көгілдір Көкшені аралап келген сапарының барысында Ақмола облысының Зеренді, Бурабай, Еңбекшілдер аудандарында болып, Біржан бабасының басына барып тәу еткенін қуана мәлімдеді. Осы күндер ішінде Көкше халқының өзіне деген ас та төк ыстық ықыласынан көңіл көкжиегінің заңғар аспандай биіктегенін айтып, әуелете әнге басты.

Читать далее

Жаңа жабдықты меңгерді

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында аудандық орталық емхана медициналық жабдықтармен толыға түсуде.

Читать далее

Ардагерлер өнегесімен

Аудандық ардагерлер кеңесінің бастамасы бойынша Приречное селосының орта мектебінде аға ұрпақ өкілдерінің жастармен кездесуі болып өтті.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Алмас Тоқтамысов пен аудандық мәслихат хатшысы Рақым Түлкібаев, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен еңбек ардагерлері және жастар қатысты. Аудандық ардагерлер кеңесі, ішкі саясат бөлімі, жас-
тар ресурстық орталығы мен Приречное селосы әкімінің ұйымдастыруымен өткен шарада Приречное селосының тұрғыны Григорий Кастюкке «Целиноград ауданының құрметті азаматы» деген атақ берілді.

Читать далее

Ерлер есімі ұмытылмайды

Ақкөл қаласында ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-интернационалистерге арналған ескерткіштің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті.

Ескерткіш аудандық интернационалист-жауынгер кеңесінің төрағасы Сәтпек Әлімжанов пен ауған соғысы ардагерлерінің бастамасымен бой көтерді. Тақтада аталмыш соғыстың құрбаны болған Иван Фраймут, Кеңес Нұрмағамбетов, Владимир Селиванов, Владимир Ющук есімдері тасқа қашалып жазылған.

Читать далее

Қайырымдылықтан шет қалмады

Құрбан айт кезінде Төңкеріс мешітінің имамы Бекболат қажы Хасенұлы жергілікті мектепке арнайы  сый-жоралғысын  жасады. Ұлық мейрамда әрбір ізгі ниетті жан игілікті іс атқаруға тырысатыны анық. Өңірімізде жыл өткен сайын әртүрлі қайырымдылық шараларына көп көңіл бөлінуде. Мұны жақсылықтың нышаны деп бағалауымыз керек.

Биылғы Құрбан айт қалада да, ауылда да барынша жақсы аталып өтті. Жетім мен жесірлерге, жалпы, дәрменсіз күй кешкен жандарға көңіл бөлгендер қатары өскенін осы жолы байқау қиын болған жоқ. Барымен бөліскен жастар қатары көбейгені көпшілікті ризашылыққа бөледі. Базар басында мал сойып, оны қолма-қол үлестіріп жатқан жігіттер қарасы өте көп болды. Ауылдағы мешіт қызметкерлері де олардан қалыс қалған жоқ. Соның бір айқын дәлелін біз Төңкерістегі мешіттің имамы Бекболат қажының ұйымдастыра білу қабілетінен, елмен сөйлесе алатын жайдары мінез-құлқынан да аңғардық.

Читать далее

Кіру саны

  • Қолданушылар : 2
  • Материалдар : 6738
  • Сілтемелер : 9
  • Материалды қарау саны : 3909651