Облыстық тарихи-өлкетану музейінде фотосуретші, дизайнер, Қазақстан Республикасының Дизайнерлер одағының мүшесі Рашит Минихановтың жеке көрмесі болып өтті.

Сан қырлы талант иесі

 

Көрмеге фотосуретшінің  Бурабайдың әсем табиғаты бейнеленген  алпысқа  жуық суреттері қойылған. Дарынды адам барлық істе дарынды екені ақиқат. Бұл сөз Рашит Мүбаракұлына  тікелей қатысты. Себебі, ол садақпен ату бойынша спорт шебері.  Тіпті, осы спорт түрінен 1982-1983 жылдары Ресей Федерациясының Свердловск облысының чемпионы да  болған екен. Ресейдің Челябинск облысы Ревда қаласының тумасы болса да, 1959 жылы фотосуретшінің  отбасы Щучинск қаласына   көшіп келгеннен бері Қазақстанға ол  қалтқысыз қызмет етуде.
Кезінде Свердловск сәулет институтының өнер факультетін тәмамдаған. Дизайн саласында үш авторлық куәліктің иесі.  Өзін  әр салада байқап көрген Рашит Миниханов көлік жүргізушісі, ағаш шебері сонымен қатар, суретші болып жұмыс істеген.  Ал, 1992  жылы Литва мемлекетінің Шауляй қаласында  өткен велофестивальге өзінің авторлық веломобиль конструкциясымен қатысқан. Қазіргі таңда Щучинск қаласындағы «Лира» музыкалық-ақындық клубының мүшесі. Бірнеше әндері де бар. Оның  фотосуреттері мен  кәдесыйларын Бурабай өлкесіне келген әр турист  естелік ретінде алып кетеді.
Аталмыш іс-шараның құрметті қонағы болған  облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырханов  фотосуретшіге   шалқар шабыт тілеп, туризм саласына зор үлес қосқаны үшін Алғыс  хат табыстады. Бұдан соң, Щучинск қаласының тарихи-өлкетану музейінің  меңгерушісі   Раушан  Әлтикенова  Рашит Минихановтың   іскерлік қабілеті мен оның  адамгершілік қасиеттерін  әңгімелеп берді. Сонымен қатар, өнер иесі өзінің  бірнеше  әндерін орындады. Әлі де халыққа берері көп Рашит Минихановқа біз де шығармашылық өрлеу тілейміз.  

Назгүл Рабилова.

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар