Ақтың молаятын, Жарықтың ұзаратын, Нұрдың молығатын, Тіршіліктің жаңаратын, Өмірдің жаңғыратын, Пейілдің түзелетін, Көңілдің кеңитін кезеңі – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Ұлыс оң болсын! 

Құрметті ақмолалықтар!
Сіздерді көктемнің ұлық мерекесі – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – бұл көктемгі жаңарудың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың мақсатты әрі сарабдал саясатының арқасында бүгінде Қазақстан күллі әлемге бейбітшіліксүйгіш әрі болашағы кемел ел ретінде танымал болуда. Наурыз мейрамы ұлты мен діни сеніміне қарамастан Қазақстанда өмір сүріп жатқан барша халық үшін берік достықтың, бірліктің нышанына айналды. Елбасымыз да үнемі «біздің қоғамның басты байлығы – бірлік пен ынтымақ. Осы құндылықтардың арқасында біз экономикамызды көтердік, азаматтардың дәулетін арттырдық, ел болашағын айқындадық», – деп келеді.
Қазақстанның бірлігі нығая түссін! Көктеммен бірге келетін Наурыз рухани жаңаруға жетелеп, бейбіт пен келісімді әрі қарай нығайтуға септігін тигізсін.  
Құрметті жерлестер!
Сіздерді ұлық мереке – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, бақыт, амандық-саулық тілеймін! Біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолындағы барлық арман-мақсаттарымыз орындалып, үміттеріміз ақталсын және келіп жеткен Наурыз мейрамы әрбір шаңырақты татулыққа, тыныштыққа бөлесін.
Мәлік Мырзалин,
Ақмола облысының әкімі.                               

 

 

 

Құрметті  ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен  шын жүректен құттықтаймын. Ұлыстың ұлы күні – жыл басы  біздің бірлігіміз бен өзара ынтымақтастығымызды паш етіп, еңбексүйгіш және келер күнге сенім сияқты қасиеттерді асқақтата түседі. Адамдардың бойында үміт пен ізгілікті нығайтып, елдің ертеңгі нұрлы болашағына, игі өзгерістерге құлшындырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында біздің басты күшіміз – бірлікте екенін тағы да атап өтті. Бірлік пен татулықтың арқасында тәуелсіз Қазақстанның
25 жылдық даму жолынан өтіп, болашаққа жаңа сеніммен қадам бастық.
Ежелгі жақсы дәстүрмен, жаңа жылда отбасыңызға бірлік, құт-береке, зор денсаулық, таусылмас шаттық, амандық, өмірде сәттілік және көктемнің шаттық шуағын тілеймін. Тамаша Наурыз мерекесі сіздердің барлық бастауларыңызға игі жетістік әкеліп,  көңілдеріңізге қанағат әкелсін деймін.
Дулат Нұрмолдин,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

 

 

 

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды тіршіліктің бастауы Ұлыстың ұлы күні – Әз Наурыз мерекесімен құттықтаймын!
Наурыз – дана хал-қымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып саналған. Қазіргі уақытта Наурыз мейрамы жаңа сипатқа ие болып, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың ұлтына, діни наным-сеніміне қарамастан ортақ мерекеге айналып отыр.
Қадірлі жерлестер! Халқымыздың мерейін өсіріп, ұлттық болмысымызды айшықтай түсетін Наурыз мерекесі елімізде тұрып жатқан әрбір отбасына бірлік пен қуаныш, құт-береке, бақыт пен молшылық әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Ғалым БЕКМАҒАМБЕТОВ,
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы
 төрағасының бірінші орынбасары.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!  
Баршаңызды  жыл басы  Наурыз мейрамымен құттықтаймыз. Биылғы жыл басын барша қазақстандықтар зор өрлеумен және болашаққа деген нық бір сеніммен қарсы алып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың конституциялық реформа жасау жөніндегі бастамасы мен ұсынысы қазақстандықтар тарапынан қызу қолдауға ие болып, еліміз  өзінің демократиялық  дамуының жаңа тарихи кезеңіне тағы бір нық қадам жасады.
Біз өзіміздің Конституциямыздың 19 бабына 26 түзетулер енгізу арқылы қазақстандық қоғамның одан әрі нығая түсуіне, ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің мызғымастай берік болуына әрдайым ынталы екенімізді, ел бірлігі қазақстандықтардың басты ұстанымы болғандығын тағы да қуаттап отырмыз.
Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырдан астам кезеңінде тарихи абыройлы жолдан өткен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына ақмолалықтардың қосып келе жатқан зор үлестері бар. Қазақстанды әлемнің дамыған отыз мемлекетінің қатарына қосу жөніндегі Елбасының барша қазақстандықтардың алдына қойып отырған өрелі міндетін орындауға жұмылып отырған ақмолалықтарға жаңа табыстар тілейміз.
Және де  бүгінгі күні өсіп, өркендеп келе жатқан еліміз бен халқымызға, ұрпағымызға, әрбір отбасына Әз Наурыз өз жақсылығын, ырысы мен берекесін, дәулеті мен бақытын әкелсін.  Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 Рашит Әкімов,
Жабал Ерғалиев,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар