Сарбаздар көрмеден абыроймен оралды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіндегі қауіпсіздік пен тыныштықты сақтау мақсатында Ұлттық Ұланның 5510 әскери бөлімінен аттанған сарбаздарды
Екі ай бойы елімізде өтіп жатқан айтулы шараның қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз еткен сарбаздарды әскери бөлімнің командирі, подполковник Руслан Темірқанов бастаған әскерилер салтанатты жағдайда қарсы алып, абыроймен оралғандары үшін ризашылықтарын білдірді. 120-дан астам сарбаздың маңызды шараға үлес қосып келгендігі тек қана бөлім үшін емес, олардың жеке өздері үшін де үлкен мәртебе.
– Сіздердің алға қойған міндетті абыроймен орындап келгендеріңіз ең алдымен, біздің әскери бөлім үшін үлкен мерей. Жауапты істі адал, адамгершілікпен және қырағылықпен атқарғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз. Сіздер анықтаған құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктер көрменің қауіпсіздігіне оң ықпал етті. Астана қаласындағы Есіл ауданында көше қылмыстары азайды, – деп сарбаздарға алғысын білдірді командир.
Облыстық «Мүгедектер мен ауған соғысы ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуан-
бай Ыбырай мен Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің басшысы Серік Зейнуллин сарбаздарға жауапты сәтте мінсіз қызмет еткендіктеріне алғыстарын білдіріп, олардан үлкен үміт күтетіндіктерін жеткізді.
–Құрметті сарбаздар, сіздердің көрмедегі қауіпсіздікті қамтамасыз еткендіктеріңіз әрине, үлкен абырой. Бірақ, сіздердің сол жақтағы қызметтеріңіз кезінде қала тыныштығын сақтауға жұмылдыратын сарбаздар азайып қалды, батальоннан небары 25 адам тыныштық пен тәртіпті сақтау үшін қала көшелеріне шықты. Енді сіздердің қызметтеріңізге кірісіп кетулеріңізге тілектеспін, –деп жергілікті полиция қызметінің басшысы алдағы міндеттерді саралады.  Игі тілектерден кейін сарбаздардың салтанатты шеруі басталды.

 

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар