Үштілділік – заман талабы

Балаға бүлдіршін кезінен  туған тілімен қатар шет тілін үйреткен артық емес. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай,  «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс».

Сонымен бірге, Елбасы өз сөзінде қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі –  жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі екендігін атап көрсетеді. Еліміз егеменді ел болғалы келелі де ауқымды өзгерістер қолға алынуда. Саяси, экономикалық, қаржылық, тағы басқа салалардағы секілді білім беру саласы да мұндай өзгерістерден тыс қалған жоқ. Себебі, мемлекетті нығайту, көркейту үшін өмірге жаңаша көзқарастағы, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу қажеттігі туындады. Сондықтан, қандай халықтың даму стратегиясын алып қараса, онда өскелең жас ұрпақты елін сүйетін отаншыл, саналы, тәрбиелі етіп шығару – оның басты бағдарларының бірі. Қазіргі жас – ертеңгі халық тағдырын шешетін азамат. Білім беру ұйымдарының алдында күрделі міндет тұр. Ол саналы ойлайтын, ертеңгі күні қоғамда өз орнын табатын жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. Балаларды қазіргі заманғы оқыту барысында әсіресе, шет тілін  меңгеру басты  мәселелердің бірі болып табылады.
Шет тілін оқыту жан-жақты дамыған, үйлесімді тұлғаның қалыптасуына өте зор ықпалын тигізуі тиіс. Бұл ең алдымен балалардың бойында шығармашылық еркіндікті, белсенділік қабілетінің, орындалып жатқан әрекетке деген оң көзқарас тәрбиесін қалыптастыру болып табылады. Ағылшын тілі қоғамдық өмірдегі қамтамасыз етудің құралы болуға, ол тек жоғары оқу орындарында, мектептерде ғана емес, сонымен қатар, мектеп жасына дейінгі балаларды оқытатын және тәрбиелейтін мекемелерде білім берудің негізгі міндетті компонентіне айналуда. Қазіргі кезде алдында туған өзекті мәселе – бұл жан-жақты дамыған, көптілді меңгерген шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшеліктеріне сай тілді меңгертіп, басқа халықтың мәдениеттерін әрі дүниежүзі мәдениетіне жол ашуға мүмкіндік береді.     
Сондықтан да, бүгінгі өскелең уақыт талабына сай білім беруді одан әрі жетілдіру мәселесі толассыз, үздіксіз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері  анық. Балабақшада берілген барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі негізін қалайтын орын.

Анар МҮСІЛІМОВА,
Көкшетау қаласындағы №11 «Арай» балабақшасының ағылшын тілі мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар