Тұрмыстарын жақсартуға мүмкіндік тууда

 Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі мақсаты–халықтың бақуатты тұрмыс тіршілігі. Ол үшін жұмыссыздықпен күрес, қоғамның әлжуаз топтарын қорғау сынды жұмыстардың маңызы зор.

  Ауданда жыл бойы  азаматтардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін бағдарламалар аясында сүбелі шаралар қолға алынады. Екі қолға бір күрек тауып беруді көздейтін бағдарламалардың нәтижесі де жаман емес. Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы мекемеге келген 62 адамның жиырма тоғызы тұрақты жұмыс орнына орналастырылды. Ал, қоғамдық жұмыстарға 55 адам тартылған болатын. Жұмыссыздықпен күреске бөлінген қаржының 1 миллион 863800 игеріліп, өз мақсатына жұмсалуына баса назар аударылды. Бүгінгі күні  ауданда жұмыссыздық 0,5 пайызды құрап отыр. Күн санап ашылып жатқан жаңа жұмыс орындарының бұл көрсеткішті нөлге теңестіруге септігін тигізері айқын.
Әлеуметтік жағынан қорғауға мұқтаж топ –мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмірін жақсарту үшін атқарылған жұмыстар да баршылық. Осы ретте, әлеуметтік қорғау саласы мамандарының еңбектері мол. Олар қарт адамдарды күтіп, жан-жақты көмек көрсетеді. Әрі мемлекет тарапынан оларды қаржылай қолдап, отырады.
Ал, елімізде азаматтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған «Өрлеу» жобасы тұрғындардың белсенділігін арттырып, жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жоба аясында отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60 пайыз төмен болса, әлеуметтік  көмек төленеді. Бұл тұрмысы төмен отбасыларға өз кәсібін ашуға септігін тигізеді. Осылайша, өз кәсібін дөңгелетіп, тұрмыстарын жақсартуға бет бұруға үлкен мүмкіндік тууда. Бағдарламаның тиімділігі жүзеге асыру барысында айқындала түседі. Ағымдағы жылы  бағдарламаға қатысуға жеті отбасы ықылас білдіріп, аталған көмекке ие болды.
Бақтияр МҰСТАФИН,
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі секторының меңгерушісі.
Еңбекшілдер ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар