Туризмге кең өріс

Атбасар ауданында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған республикалық «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясының облыстық екінші кезеңі өтуде.

  Борисовка селосында екі күн қатарынан өткізілген шараға облыстың әр өңірінен жиналған 200-ге жуық бала қатысуда. Облыстық туризм басқармасының басшысы Шынарбек Батырхановтың айтуына қарағанда, өңірде туризмді насихаттайтын экспедиция аясында түрлі мәдени-спорттық шаралар қарастырылған.
– Бұл бағытта жыл сайын облысымыздың әр өңірінде осындай шаралар ұйымдастырып отырамыз. Өткен жылы Еңбекшілдер ауданында бас қоссақ, биыл Атбасар ауданын таңдап отырмыз. Бұл өңірдің де туризмді дамыту үшін қосар үлесі зор. Өзіне тән әсем табиғатымен танымал, – дейді басқарма басшысы.
Экспедицияның алғашқы күні қатысушылардың аудандық  бірінші кезеңінде атқарған жұмыстары жайлы көрме ұсынылды. Онда әр қатысушының өз өңірінің тарихы, әсем табиғаты жайында шығармалары таныстырылды. Ал, экспедицияның екінші күні барлық қатысушылар үш бағытқа бөлініп, белгіленген жолды жүріп өтулері тиіс. Қазылар экспедиция барысында мәдени-танымдық, экологиялық-өлкелік және спорттық-сауықтыру қырынан танылғандарды таңдап алады. Ал, топ жарғандар республикалық «Менің Отаным-Қазақстан» туристік экспедициясының ақтық кезеңінде облыс намысын қорғайтын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар