Жұмыс сапасы бақылауға алынды

«Нұр Отан» партиясы Атбасар аудандық филиалының партиялық мониторинг және бақылау тобы Садовое ауылындағы су құбыры желілерін жөндеу жұмыстарының барысымен танысып қайтты. Садовое ауылында құрылыс жұмыстары биылғы сәуір айында басталған болатын.

Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Мұқанов, аудандық мәслихаттың депутаты Бауыржан Ысмағұлов, партиялық мониторинг және бақылау тобының мүшесі Өмірсерік Шайхин бастаған партиялық бақылау және мониторинг тобы атқарылып жатқан  жұмыстың сапалы әрі кестеге сай жүргізілуіне өз бағасын берді.
Жұмысты жүргізіп жатқан «Инсект» ЖШС-нің учаске бастығы Өсербай Салықбаевтың айтуынша, құрылыс жұмыстары 2017 жылдың қыркүйек айында аяқталады. «Мұнда кәсіби білікті мамандар еңбек етуде. Құрылысқа 203 миллион 280 мың теңге қаржы бөлінген. Су құбырлары әкімдік, мектеп, ауылдың дәрігерлік  амбулаториясы мен мәдениет үйіне тартылған. Бүгінгі күні жұмыстың 85 пайызы аяқталды» – деді  учаске бастығы.
Құрылыс жұмыстарымен жете танысқан партия белсенділері жұмыстың сапалы жүріп жатқандығын атап өтті. Партиялық бақылау және мониторинг тобы аталған нысанға ай сайын барып, құрылыс жұмыстарының жайымен танысып отырмақ.
– Садовое ауылының су құбырларын жаңарту  өзекті мәселенің бірі болып отыр. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту көптен бері шешімін күткен мәселе болатын. Бөлінген қаржыны тиімді жұмсап, жұмысты кестеге сай белгіленген мерзімде аяқтаймыз, – деді Садовое ауылдық округінің әкімі Жанат Текенов.
– Партия тарапынан қоғамдық бақылау мен мониторинг жүргізу жұмыстың сапалы әрі уақытылы жүргізілуіне міндеттеп, қазынадан бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына кепілдік береді дейді мамандар.
– Бүгінгі бақылау нәтижесінде, жұмыстың кестеден ауытқымай, уақытында жүргізіліп отырғандығын көріп отырмыз. Қорытынды бағаны жөндеу жұмыстары аяқталған соң беретін боламыз. Негізгі мақсат – жұмысты сапалы әрі өз уақытында аяқтау, – деп өз бағасын берді партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанат Мұқанов.

Динара ДҮЙСЕН,
«Нұр Отан» партиясы  облыстық филиалының   баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар