Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ирина салған суреттер-ай!.. - АРҚА АЖАРЫ

Ирина салған суреттер-ай!..

Ақмола облыстық тарихи-өлкетану мұражайында дарынды жас суретші, балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Ирина Янкенің  «Гүлдер монологы» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды.

Алдымен, өнерсүйер қауым  қолынан бал тамған жас суретшінің гүл бейнеленген суреттерімен танысты. Оның «Түнде», «Жаз», «Ақ түс», «Жібек», «Мерекелік», «Ашық жүрек» сынды туындылары көпшіліктің көңілінен шықты деп нық сеніммен айта аламыз.
Ирина Казимировна – дарынды жас суретші, әр деңгейде өтетін көрмелердің тұрақты қатысушысы. Шығармасында майлы бояулар мен гуашь пайдаланады. Оның кескінді бейнелерінде нәзік түстер үйлесім табуда. Суреттердің тақырыбы – сезімге толы тамаша әдемі гүлдер, сол себепті оның картиналарын «гүлдердің портреттері» деп атауға болады.

 – Ирина, кішкентайынан сурет салуға бейім еді. Алғаш анасы маған жетектеп әкелген сәтте  оның ерекше дарыны бар екенін байқадым. Ол өзіндік стилі айқындалған шәкірттерімнің бірі.Сурет салудан ешқашан жалыққан емес. Керісінше, жыл сайын көрмелер өткізіп, шеберлігін шыңдап жүреді. Онымен қоса, «Психологиялық және педагогикалық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесін алып, бәріміздің мерейімізді үстем етті,–дейді өнерге алғаш қанат қақтырған ұстазы  Алла Сутулова.
Көздің жауын ғана емес жүректі де жаулап алған Ирина Казимировнаның суреттері көрермендер көзайымына айналды. Кеш соңында қонақтар тілек кітапшасына жүрек жарды лебіздерін қалдырды.
Қылқаламымен суреттерге жан бітіре білген суретшіге «қолы білген құм үстінен кеме жүргізер» демекші, өнеріне әдісін жолдас етіп, қиялының биік шыңынан шыға бергей демекпіз.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар