Самал – тіл шебері

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында «Тіл шебері» атты республикалық байқау болып өтті.

Байқауға Алматы, Астана қалалары мен еліміздің әрбір облыстарынан 18-25 жас аралығында қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар қатысты. Бұл байқаудың мақсаты жастардың тілге деген қызғушылығын арттырып, ой-өрісін кеңейту және ұлттық салт-дәстүр мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асырып, халықты біріктірудің маңызды факторы тіл екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру болатын.

Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған байқау үміткерлері арасында біздің облыстан Жанайдар Мусин атындағы қазақ педагогика колледжінің студенті Самал  Рашатова болды.
Байқаудың бірінші кезеңінде ұлттық салт-дәстүр мен әдет ғұрыптарға байланысты сұрақтар қойылса,  келесі кезеңде қатысушылар орыс, ағылшын тілдерінде қазақ халқының тарихы мен ғұлама ақын-жазушылары туралы білімдерін пысықтады. Үшінші кезеңде жаңылтпаш айту сайысы болды. Байқау қорытындысы бойынша біздің облысымыздың намысын қорғаған Самал Рашатова екінші жүлдегер атанып, диплом мен ақшалай сыйлыққа ие болды.
Аталмыш колледж директоры Нұртас Ахат пен оның ұжымына қолдау көрсеткендері үшін айтар алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта Самалға биік белестерден көріне беруіне тілектестік білдіреміз.
Жұлдыз ДӘУЛЕТЖАНОВА,
 облыстық  тілдерді дамыту басқармасының бас маманы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар