Ақтөбе қаласында өнертапқыштық және техникалық шығарма-шылықтан республикалық слет ұйымдастырылып, онда біздің облыстың намысын Аршалы ауданының жас техниктері қорғады.
Аталмыш шараға республика бойынша 19 топ қатысты. Олар әртүрлі тапсырыстарды орындап, өздері құрастырған техникаларды қазылар алқасының назарына ұсынды.
Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы мен Қостанай қаласының топтары бірінші, екінші орынды иеленсе, үшінші орынды ақмолалықтар жеңіп алды. Сондай-ақ, қосымша білім беру мекемесінің педагогы Николай Олейник бастаған судомодельдер тобының мүшелері Виктор Кооп және Вильгельм Лидер І дәрежелі дипломға ие болды. Юрий Огилько жетекшілік ететін авиамодельдеу тобының сайыскері Илья Сафронов жүлдегерлер санатынан көрінді.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар және сертификаттармен марапатталды. Қосымша білім беру педагогы Николай Олейникке Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.