«Қазпошта» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалы 1 қазаннан бастап 2015 жылға баспасөзге жазылудың басталғанын хабарлайды. Мерзімдік басылымдарға жазылу аудандық, қалалық, ауылдық байланыс бөлімшелері, хат тасушылар және орталық операциялық учаскелері арқылы жүзеге асырылады.
15 қазан күні сағат 11.00-де Бас пошта ғимаратында (Абай көшесі, 108) «Ашық есік күні» өткізіледі.
Көкшетаулықтар мен қала меймандарын осы шараға қатысуға шақырамыз.