Басшылықтағы жаңа есім

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің 2014 жылғы 9 қазандағы өкімімен Сәуле Бөкейханқызы Бөрібаева Ақмола облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Сәуле Бөкейханқызы БӨрІбаева 1960 жылы туған, білімі жоғары. Еңбек жолын 1978 жылы бастаған. Соңғы жылдары Астана қаласында  «Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілік беру республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мекемесінің бас директоры, «Назарбаев зияткерлік мектебі» ААҚ-ның оқу материалдары мен оқулықтарын сараптау жобалық тобының менеджері, «Білім беру ресурстары орталығы» жекеменшік мекемесінің бөлім бастығы болып қызмет атқарды. Оған дейін әр жылдары Қостанай облыстық білім басқармасының  және мәдениет басқармасының басшысы болып қызмет істеген. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қазақстан Рес-публикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Техникалық және кәсіптік білімді жаңғырту» басқармасында жобалау тобының бас кеңесшісі болды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.    

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар