«Дәстүр» мейрамханасында «Алтынтау Көкшетау» серіктестігі мен «Алтынтау» бөлімшесі кәсіподағы ұйымы бірлесіп, кәсіпорын ардагерлеріне құрмет көрсетті.
Шараға 109 зейнеткер қатысты. Серіктестік зейнеткерлерге 18 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті.
– «Алтынтау Көкшетау» серік-тестігінде ардагерлер кеңесі ұйым-дастырылған. Кеңес барлық мәдени іс- шараларға зейнеткерлерді қатыстырып отырады. Cондай-ақ, олардың тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарып келеді, – деді ардагерлер кеңесінің төрайымы Зоя Плакущая.
Кеш барысында Көкшетау қаласының №17 орта мектебінің оқушылары мазмұнды концерт ұйымдастырып, жиналғандарға ән мен күйден шашу шашты. Концерттік бағдарлама мерекелік дастарханға ұласты.