Толық мемлекет қамқорлығында

Облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек Макинка селосындағы қарттар үйінде болып, мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, қарияларға теледидар сыйлады.

Қарттарды қолдау айлығы – са-майларын ақ қырау шалған аға буынды ардақтап, кейінгі толқынның үлкендерге деген сыйластығын арттыра түсетін ізгілігі мол, ізеті көп кезең. Кей-кейде күнделікті таусылып бітпейтін қарекетпен өз замандарында еліміздің өркендеуіне есепсіз үлес қосқан аға буынға лайықты құрмет көрсетілмей жатуы да мүмкін. Дәл осы айлық шеңберінде жер-жердегі қарияларға барынша жанашырлық көрсетіліп, есесі толтырылып жатады. Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Нина Дьячек Макинка селосындағы Ақмола облысы әкімдігінің «Жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге арналған «Бұланды медициналық-әлеуметтік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде болып, осындағы қариялардың тыныс-тіршілігімен танысты.


Аталмыш мекемеде бүгінгі күні 62 қария күн кешіп жатыр. Мұнда қарияларға барлық жағдай туғызылған. Облыстық бюджеттен жылына 56 миллион теңге бөлінсе, оның 14 миллион 785 мыңы мекемедегі қариялардың ас-ауқатына жұмсалады. Бұрнағы жылдары зейнеткерлердің зейнетақысының 70 пайызына дейінгі бөлігі мекеменің ішкі қажетіне жұмсалса, қазір қарттар жүз пайыз мемлекеттің қамқорлығында. 
Облыстық мәслихаттың хатшысы Нина Дьячек қарттар үйін аралап көрді. Сонан соң осында күнелтіп жатқан қариялармен әңгімелесіп, жай-күйлерін сұрады. Олар бірауыздан ешқандай мәселе туындап отырмағандығын жеткізді. Осындай шынайы қамқорлық көрсетіп отырған мемлекеттің саясатына, қарияларды құрметтеудің шынайы үлгісін көрсетіп келе жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ақ алғыстарын айтысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бұланды ауданы.

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар