Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Қаралған мәселелердің барлығы маңызды - АРҚА АЖАРЫ

Қаралған мәселелердің барлығы маңызды

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Аппарат кеңесінде алдымен, облыстық мәдениет басқармасының жаңа басшысы Сәуле Бөрібаева таныстырылды. Бұдан кейін Ақмола облысы бойынша  экология департаментінің басшысы Бірлік Қомбатыров облыстағы экологиялық жағдай жөнінде есеп берді. Департамент тарапынан қоршаған ортаны қорғау жөнінде  қарастырылып жатқан шараларды айта келе, баяндамашы басты проблемаларды нақты атап шықты. Олардың біріншісі, облыс-та қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт жоқ. Щучинск-Бурабай курорттық аймағындағы көлдер одан әрі ластана түсуде.

Министрлік бұл көлдерді тазартуға кіріскелі жатыр. Жергілікті органдар осы жұмыстың ойдағыдай атқарылуына барлық жағдайларды қарастырса жөн болар еді. Атмосфералық ауаның да ластануы тыйылмай келеді. Соңғы кезде көліктердің көбеюінен және оларға бақылаудың жеткіліксіздігінен бұл проблема ушығып тұр десе болады. Ауаны зиянды қалдықтармен ластайтын кәсіпорындар тиісті қондырғылар орнату мәселесіне жауапкершілікпен қараулары керек. Облысымызда уран қалдықтарын көму, «Көкшетау жылу» кәсіпорнының шығарған күлін залалсыздандыру да жіті назар аударуды қажет етеді. 
Осы проблемаларды көлденең тартқан департамент басшысының алаңдаушылығына қолдау білдірген облыс әкімі сонымен бірге, мораторий жарияланды деп қол қусырып отыра бермей, тәртіп бұзатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен жұмысты жандандыруды да тапсырды. Курортты аймақтардағы  көлдердің жағасында қолы жеткендер бір-бір монша салып алған. Оларды жағалаудан алып, тәртіп неге орнатпасқа?!. Сондай-ақ, қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін полигондар жеке меншікке берілуі керек. Бұл мәселені де жарты ай мерзімде қарастырып, шешу тапсырылды.
Бұдан әрі атқарып жатқан жұмыстары жайында «Азық-түлік корпорациясы» ҰҚ» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық өкілдігінің директоры  Әсет Бектеміров есеп беріп, облыс диқандарына «Есіл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ҰҚ» акционерлік қоғамының кепілдігімен көктемгі-жазғы маусымда 4,6 миллиард теңгенің көмегі көрсетілгендігін  атап өтті. Алайда, ақмолалық ауыл шаруашылығы құрылымдарының 2012-2013 жылдар үшін корпорацияның алдындағы қарызы 621 миллион теңгеге жеткен. Қазір 76 талап-арыздың 58-ін сот корпорацияның пайдасына шешіп отыр. 
Облыс әкімі мұнымен келісе отырып, «Азық-түлік корпорациясының» өз тарапынан жіберіліп отырған олқылықтарға да назар аударды. Соның бірі – астық бағасының төмен қойылуы. Ол бүгінгі таңда бидайдың 1 тоннасына 35 мың, арпаға 24 мың көлемінде белгіленген. Ауыл шаруашылығы құрылымдары мұны азсынып, астықтарын өткізе  қоймауда.
Аппарат кеңесінде Сергей Кулагин бұдан басқа да облыс өміріне қатысты бірқатар мәселелерге тоқталды. Әсіресе, өңірде барлық  егістік алқаптың 23 пайызының өнімі әлі жиналмай жатқанына алаңдаушылық білдіріп, жауапты науқанды тездетуді тапсырды. Сондай-ақ, жылу беру  маусымының кейбір күрмеуі қиын мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, көп жерлерде отын қорының екі айлық қорының жасалмай отырғандығын сынға алды. Бюджет қаржысын игеруде де жағдай  ойдағыдай емес екендігін баса атап көрсетіп, аудан әкімдері мен басқарма басшыларынан кемшіліктерді тез арада түзетуді талап етті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар