Жобалардың қазақы сипаты басым

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен аймақтық үйлестіру кеңесінде «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасы қызу қолдау тапты.

Аймақтық үйлестіру кеңесінде грант алу үшін бес өтінім мақұлданды. Оның екеуіне «Жас кәсіпкерлер мектебі» жобасының түлектері ие болды.

«Инсаай» серіктестігінің жетекшісі Самат Биғазы «Қадам» жобасын ұсынды. Құны 853 485 теңгені құрайтын бұл жоба сәбилерге арналған ұлттық сипаттағы компьютерлік қосымшаны қайта жасауды көздейді. Ендігі кезекте Самат алған қаражатты өзінің жобасын іске асыруға жұмсайды, яғни, дамытатын ойындарды жасау үшін қажетті техникалар мен бағдарламаларды сатып алмақшы көрінеді. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Данияр Рақымжановтың «Қазақ ауылы» атты жобасы бойынша өтініші бекітілді. Ол туризмді дамыту жөнінде өзінің байыпты көзқарасын білдірген. Киіз үйлері ата-баба дәстүрімен қазақ ауылына тән қажетті инфрақұрылымдармен жабдықтап, жоғары сервистік қызмет көрсетудің тиімді жолдарын қарастырған. Волейбол, теннис, футбол, стритбол және ұлттық спорт  түрлері – қылыштасу, садақ ату, қазақ күресіне арналған спорт алаңдарын жабдықтау жөніндегі ұсыныстары комиссия мүшелерінен көкейкесті мәселе ретінде қолдау тапты.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар