Көкөніс көбейетін күн алыс емес

 «EcoProduсt» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі голландиялық технология бойынша экологиялық таза көкөніс өндіретін жылыжай кешенінің құрылысын жүргізуде.
«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде қолға алынған кәсіпорын жылына 2200 тонна көкөніс өсіретін болады. Жобаның құны 2,2 миллиард теңгеге бағалануда. Оның 1,7 миллиард теңгесі несиеге алынса, 433,6 миллион теңгесін серіктестік өз қаржысынан қосқалы отыр.

Бүгінгі күні нысанның іргетасы қаланып, 36 мың тонна топырақ әкелінді. Жылыжайға қажетті барлық құрал-жабдықтар сатып алынып, құрастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қазандық, су құбыры, кәріз жүйесі, ішкі жолдар мен қоршаулар, кіреберіс қақпа жұмыстарының 70 пайызға жуығы орындалған көрінеді.
Жылыжай кешенінің құрылысына 60 адам жұмылдырылған. Нысан пайдалануға берілген кезде оның 57-сі тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Өңірде көкөністің түр-түрін өсіретін осынау жылыжай кешенінің салынуы тұрғындарды таза, табиғи өніммен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермекші.
Ақкөл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар