Несие алып, кәсібін ашпақшы

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылуда.

Балкашино селосының тұрғыны Мұрат Қарымсақов осы бағдарламаның мүмкіндіктерін ескере келе, өз кәсібін ашуға бел буып отыр. Оның айтуынша, аталған бағдарламаның кәсібін дөңгелеткісі келетін ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы көрінеді.

– Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы жөнінде естіп, білген соң бірден аудан орталығындағы кәсіпкерлер палатасының филиалына жолықтым. Ондағылар менің бетімнен қақпай, керісінше қолғабыстарын тигіз-ді, – дейді Мұрат Қарымсақов.
Қазіргі кезде кәсіпкер аудан орталығында жалға алған ғимаратты кондитерлік цех ретінде қайта жабдықтауда. Сондай-ақ, ресейлік қондырғы да орналастырылуда. Мұнда торт, тоқаш, печенье тәрізді кондитерлік өнімдер сату жоспарланған.
Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар