Үздік әлеуметтік жобалар

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы «Ақмола облысындағы үздік әлеуметтік жобалар» атты көрме ұйымдастырды.

Көрмеге облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов пен бірқатар басқармалар мен департамент өкілдері қатысты. Бұл шараның мақсаты мүмкіндігі шектеулі жарымжан жандарды қолдау, оларға әлеуметтік көмек көрсету болатын.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, балалар шығармашылығын дамыту, жобаның одан әрі іске асуына қаржылай көмек көрсету сияқты үш бөлім бойынша ұйымдастырылған көрмеде Степногорск қаласы мен Атбасар Бұланды, Еңбекшілдер, Есіл, Жарқайың, Целиноград аудандарынан келген үміткерлер өзара бақ сынасты. Бұлардың ішінде Степногорск қаласындағы  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған №4 балалар үйінің жобасын ерекше атап өтуге болады. Жоба авторы аталмыш балалар үйінің директоры Раиса Сахневич балаларды қолдау мен дамытудың алғышарттарын жан-жақты ұсына алған.
Жоба тақырыптары көз жанары көрмейтін жандарды қоғамдық өмірге бейімдеу, ізгі ниет пен ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды түрлі іс-шараларға тарту, мүмкіндігі шектеулі балалар мен қарттарға, әлеуметтік, медициналық, құқықтық, тұрмыстық көмек көрсету, арнайы мүгедектер үшін жұмыс орнын қарастыру, 18 жастан асқан жүйке жүйесімен ауыратын жандарға көмек беруге арналған. Бұл шараның ойдағыдай өтуіне бір топ қайырымды жандар демеушілік жасады. 
Көрме қорытындысы бойынша Степногорск қаласындағы  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған №4 балалар үйінің жобасы үздік деп танылды. Жеңімпаздар қаржылай қолдауға ие болса, қатысушылардың барлығына сыйлыққа теледидар үлестірілді.
 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар