Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Заңға енгізілетін толықтырулар толғандырады - АРҚА АЖАРЫ

Заңға енгізілетін толықтырулар толғандырады

Бүгінгі таңда елімізде көші-қон жайы аса маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Қазір «Көші-қон туралы» Заңға жаңа өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылуда.

Бұл жаңа заң сырттан келетін қандастарымыздың  азаматтық алып, қоныстануын ғана реттеп қоймайды, сонымен бірге, шетелдік жұмыс күшін тарту аясында да мемлекет саясаты жүзеге асырылады. Ең алдымен, көші-қон саясатын жетілдірудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді. Ел аумағына кіру мен қоныс аударудың  бірыңғай шарттарын, оралмандарды әлеуметтік қолдау шараларын жасайды.

Оралмандардың өз тарихи Отанына оралу жағдайына келсек, өткен ғасырдың сонау тоқсаныншы жылдарынан бері облысымызға 38214 адам, яғни, 8109 отбасы көшіп келген екен. Бұл облыстың жалпы халық санының 5,2 пайызы болып табылады. Бір байқағанымыз, соңғы жылдары алыс және жақын шет елдерден келетіндер саны едәуір азайды. Мысалы, 2011 жылы – 1415, 2012 жылы – 572, 2013 жылы – 538 адам қоныс тепсе, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында небары 81 адам оралман мәртебесін алды.
Қазір оралмандармен бірге, шетелден жұмыс күшін тарту мәселесі де жан-жақты қолға алына бастады. Бұл да мемлекеттік тұрғыда назар аударатын мәселенің бірі.  Сондықтан,  ағымдағы жылы облысымызға шетелдік жұмыс күшін тарту мақсатында 300 бірлік квота бөлінді. Облыс аумағында 18 кәсіпорын осындай шетелдік жұмысшыларды тартуға ден қойып отыр. Ондай өндіріс орындарының қатарында «Қазақ алтын» акционерлік қоғамы, «Семізбай – U», «Гранулит», «Нефрит Гольд», «Горный хрусталь» серіктестіктері бар. Жалпы, жыл басынан бергі жеті айда өңірімізге 6804 адам келсе, 9741 адам сыртқа кетті.
Осы жаңа толықтырулар енгізілетін заңда этникалық көші-қон саласындағы үдерістерді одан әрі дамытып, қандастарымыздың тарихи Отанына оралуын ынталандыру да көзделеді. Әсіресе, оларды келген ортасына бейімдеуді жақсартуға баса назар аударылмақшы. Бұл жайды біз жергілікті атқарушы органдардың көмегімен жүзеге асырып, олардың әлеу-меттік мәселесін шешуге атсалысудамыз.
Ендігі жерде қандастарымызды қоныстанатын өңірлеріне қарамастан, барлығына да оралман мәртебесін беру ұсынылып отыр. Сондықтан, олардың өңірлік қоныстану квотасына байланысты бірнеше санат арқылы бөлу қарастырылады. Атап айтсақ, елімізге өз бетінше келген және қосымша еңбек ресурстарын талап етпейтін өңірлерде тұратын оралмандардың мемлекеттік тұрғыда құқықтық негіздері шешілетін болады.
Қазір кейбір жерлерде этникалық қазақтарға елге келу кезінде кедергілер де көптеп кездесетіні бар. Көші-қон полиция-сына жүгінген оралмандарға өтініш беру кезінде төлем қабілетін растаусыз ықтияр хат алуды жеңілдету көзделеді. Оралман мәртебесін алған күннен бастап бір жыл ішінде ел азаматтығын беру де жаңа заңдағы басты жаңалықтардың бірі болмақшы.
Әрине, сырттағы қандастарымыздың елге келуіне ешқандай тосқауылдардың болмауы жақсы-ақ, бірақ, әлі де болса олардың жергілікті жердегі әлеуметтік мәселелері толық шешілді деп айта алмаймыз. Бұл ретте,  сырттан келетіндерді жұмыспен қамту күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Ендігі жерде көші-қон заңына жаңа толықтырулар қабылданатын болса, мемлекет оралмандарды жұмыспен қамту мәселесін де шешетіні байқалады. Оларды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, шағын несиелер беру арқылы өз шаруашылықтарын ашуға да мүмкіндіктер берген жөн.
Міне, бұл жаңа толықтырулар жайлы заң қабылданғаннан кейін де айтатын боламыз. Әзірге бұлардың барлығы заңға енгізілетін жаңа ұсыныстар ғана. Сондықтан, бұл заңды күтіп отырғандар көп. Алдағы уақытта бұл мәселе өз шешімін табады деп сенеміз.
Едіге ИСЕНОВ,
облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының  көші-қон бөлімінің басшысы.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар